«Алматы» арнасында «Обо всем без купюр» атты жаңа жоба ашылды — новости Казахстана
«Алматы» арнасының — «Обо всем без купюр» жобасы — жақсылық жасауға және жақсылық жасаушылар тізбегін арттыруға арналған. Және осы іс жоба бойынша жұмыс істейтін команданың қолынан келетін көрінеді. Өйткені бағдарлама көрермендерге қатты ұнады.
«Обо всем без купюр» жобасы «Алматы» арнасының эфиріне 2017 жылдан бастап шығуда. Бастапқыда бағдарламада өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер жайында айтылды. Алайда ағымдағы жылы бағдарламаның форматы өзгерді – оны әлеуметтік ету идеясы телеарна директорының орынбасары Рита Жүгінісоваға тиесілі. Бүгін мұнда қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдардың өзекті сұрақтарына жауап іздеуге көмектеседі. Жоба тек мәселелерді жариялаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар олардың шешімін іздеуге көмектеседі.
«Біз кейіпкерлеріміздің қиын жағдайы туралы жай ғана айтып қана қоймай, онымен бірге тығырықтан шығарар жолды іздеуге тырысамыз. Іс-қимылдың толық қадамдық алгоритмін түземіз, қандай да бір мәселені шешу үшін қандай құжаттар қажет және қандай инстанцияларға жүгіну қажет екендігі туралы айтып береміз. Нәтижесінде, ол тек кейіпкерге ғана емес, көрерменге де тиімді ақпарат болып табылады», — деп «Обо всем без купюр» бағдарламасының жүргізушісі Фаузия Мырзабекова бөлісті.
Жоба әртүрлі тақырыптарды ашады – ТКШ, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерінен, ауыр науқас балалардың қажеттілігіне дейін. Команда әрқашан нәтижеге көздеп жұмыс жасайды. Мәселен, «Алматы» телеарнасының «Обо всем без купюр» бағдарламасының арқасында баспанасы жоқ адамдар, баспаналы болды. Солардың біреуі – балалары Дюшеннің нейро-бұлшықет ауруына шалдыққан жалғызбасты ана Олеся Иманкулова.
«Жалғызбасты ананың жұбайы үлкен жауапкершіліктен қорқып, қашып кеткен. Үш баланың екеуі ауыр генетикалық ауруға шалдыққандықтан, әйел адамның жұмыс жасауға мүмкіндігі жоқ, балаларға әрдайым күтім жасап отыратын адам керек. Ол жалдамалы пәтерде тек жәрдемақыға күн көріп келген. Ол үшін баспана мәселелесінің шешілуі өте маңызды еді. Әйел адам кезекте тұрғанымен, ұзақ уақыт күтуіне тура келді. Осылайша біз «Ықылас» қорына хабарласып, сол қордың көмегімен әйел адам екі бөлмелі пәтердің иесі атанды», — деп есіне алады тілші.
Фаузия Мырзабекованың сөзінше, «Обо всем без купюр» жобасы оған айналада жақсы адамдардың көп екенін және еріктілер, ҮЕҰ және мемлекеттік органдар мұқтаждарды қолдау бойынша қандай үлкен жұмыс атқаратынын жан-жақты көрсете білді.
Егер бұрын бағдарлама кейіпкерлерін іздеу керек болса (сол әлеуметтік желі арқылы), бүгінде олар өздері тілшілерге хабарласып, көмек сұрайды. Әрқайсысының ауыртпашылы мен жанқайғысы бөлек. Айта кету керек, бағдарламаны 40 минут хронометражмен шығару үшін командаға кейде апталап, айлап жұмыс жасау керек. Жиі көптеген процедуралардың аяқталуын және шешімін, сұрауларға жауаптарды күтуге тура келеді. Бірақ ондай қиыншылықтарға қарамастан, хабар әр апта сайын уақытылы шығып, экранның екі жағындағы адамдарға көмектеседі.
«Обо всем без купюр» бағдарламасын жұма күндері сағат 21-50-де, және қайталауын жексенбі күні сағат 11-00-де «Алматы» телеарнасынан тамашалаңыздар.