Астанада қорғаныс-өнеркәсібі кешенін одан әрі дамыту мәселелері қаралды
Астана, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінде Премьер-министрдің орынбасары – Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев пен Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың жетекшілік етуімен бірлескен отырыс өткізілді.
Кеңеске министрліктердің құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары мен қорғаныс-өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
2018 жылы мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау жөнінде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың қорытындысы шығарылды, сондай-ақ орта мерзімді кезеңге өзара іс-қимылдың алгоритмі әзірленді.
Отырыс барысында Қарулы Күштерде және қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындарында цифрлық технологияларды дамыту перспективаларына назар аударылды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ