Назарбаевтың қазақстандық БАҚ-қа берген сұхбаты – толық видео

0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық журналистерге көлемді сұхбат беріп, 2018 жылды қорытындылады. «Хабар 24» телеарнасының YouTube-тегі арнасында мемлекет басшысы мен БАҚ өкілдері кездесуінің толық видеосы жарияланды

Президентке саясатқа, экономикаға қатысты мәселелерді қозғайтын түрлі тақырыпта сұрақтар қойылды.

Ең алдымен Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан басшысын мерзімінен бұрын қайта сайлау туралы сыбысты жоққа шығарды. Оның айтуынша, сайлау 2020 жылы өз уақытында өтеді.

Қазақстан президенті әңгіме арасында Қытайдан ешқандай қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ мемлекет басшысы барлығын қызықтырып отырған Еуразиялық экономикалық одақта ортақ валюта енгізу мәселесіне түсініктеме берді.  «Біреулер Еуропадағыдай еуроның болғанын қалайтын шығар. Біз үшін бұл тиімді болғанымен, оның ауылы алыс», — деп атап өтті Назарбаев.

Журналистер ел басшысынан құқық қорғау органдарында Денис Теннің қазасынан кейін басталған реформалар туралы сұрауды да ұмытқан жоқ. Елбасы полицияның жағымды образ қалыптастыратын уақыты келгенін айтты. Бұл үшін шенеуніктерді қысқартып, үнемделген ақшаны полицейлердің жалақысын көтеру үшін жұмсамақ.

Назарбаев жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, өзінің жаңа хоббиі жайлы әңгімелеп берді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/