Елбасы: Мен Астананы Вашингтон сияқты шағын қала етіп салғым келген еді

0
28 Желтоқсан 2018, 22:34 247 0

Фото: Ақорда

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Астананың өткені, бүгіні мен болашағы жайлы айтып берді.

«Астананың болашағы әлі алда. Қазір 1 миллион 200 мың халқы бар. 2030 жылдарға қарай 2 миллион болатын шығар. Мен Вашингтон сияқты 5-8 қабаттан тұратын, тек қана шенеуніктер тұратын шағын қала салсам ба деп ойлап едім. Бірақ, кең далада биікірек болмаса көрінбей қалады. Сондықтан сәулетшілер биік етіп салды. Қазір Абу-Даби Плазаны 230 метр етіп салды. Бұл посткеңестік кеңістіктіктегі ең биік ғимарат болады. Қалғандары 2019 жылы аяқталса, ең ұзын мұнараның құрылысы 2020 жылы бітеді. Сондықтан, оның құрылысын әрі қарай жүргізу керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, қазір қалада елордалық тұрғын үшін не керек барлығы бар.

«Ешқандай Парижге де, Берлинге де барудың қажеті жоқ. Барлық керек нәрсе осында бар. Жұмыс істеп, ақша тауып, өмір сүру керек. Астанамызды көркейте беру керек», — деді Мемлекет басшысы.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ