​Құрғақ қылтаяқшамен жасалатын массаждың пайдасы және неге ол пилингтен жақсырақ

0

​Құрғақ қылтаяқшамен жасалатын массаждың пайдасы және неге ол пилингтен жақсырақ


Мұндай массаждың табынушылары spa-салондарда ұсынылатын «лимфодренажды массаждың» орнын басатындығын айтып, кез келген скрабтан гөрі жақсы әсер ететіндігін алға тартады. Ендеше біз құрғақ қылтаяқшамен жасалатын массаждың тигізер пайдасы және артықшылықтары туралы әңгімелейтін боламыз.

Құрғақ қылтаяқшамен жасалатын массаждың негізгі артықшылықтары

Ағзадан артық сұйықтықты шығарып, ісікті кетіруге көмектеседі
Бәрі де қарапайым: массаж лимфа жүйесін реттейді, жасушааралық кеңістікті артық сұйықтық пен токсиндерден арылтады. Лимфа жүйесі жедел дамып, нәтижесінде зат алмасу орын алады, ісік қайтады, ағзадағы су-тұз теңгерімі реттеледі.

Қан айналымды жақсартады
Барлық массаж түрі де қан айналымды жақсартады, оның ішінде қылтаяқшамен жасалатын массаж да сондай. Қан айналымның жақсаруы бізге сергектік мен күш-қуаттың кемелденуіне мүмкіндік береді.

Терінің тыныс алуына мүмкіндік береді.
Құрғақ массаждың арқасында терінің өлі жасушалары жойылады, терінің жаңаруына жағдай жасалады. Тері саңылаулары ашылып, бұл одан бөлініп шығатын заттардың еркін шығу функциясын атқаруына көмектеседі.

Бұл қандай нәтижеге алып келеді?

Тері тегіс, таза әрі біркелкі бола түседі
Дене анағұрлым тартылған әрі сұлба жақсы көрінеді
Целлюлит азаяды
Ісік кетеді
Сергектік пен жеңілдік пайда болады, адам жалпы өзін-өзі жақсы сезінеді
Массаж қан тамырлары ауруларының алдын алады, мәселен тамырлардың варикозды кеңеюіне жол бермейді
Мұндай массаждың бір артықшылығы — күнделікті өзіңіз жасай аласыз. Ең қажетті нәрсе бұл үшін әрине қылтаяқша. Ыңғайлы әрі үнемді!

Құрғақ қылтаяқшамен массажды қалай жасаған дұрыс?
Массажды ертеңгілік жасаған абзал, одан кейін сергектік пен күш-қуатты сезіне аласыз. Массажды таңертең және кешке жасаса да болады.
Массаж үшін табиғи қылдары бар қылтаяқша керек. Қылдары тым жұмсақ немесе тым қатты болмағаны дұрыс. Ең дұрысы, жылқы жалынан не австралия кактусынан жасалған қылтаяқша.
Тері барынша құрғақ болуы тиіс, сол себепті массажды себезгі не ванна қабылдамас бұрын жасау қажет.
Массажды күнделікті жасаған дұрыс! Осылай ғана сіз жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз.
Массаж ұзақтығы 3-10 минут болуы тиіс. Азынан бастағаныңыз абзал. Бірден ұзақ жасап, өзіңізді қинамаңыз. Сізге ауыр әрі жағымсыз болмауы тиіс.
Лимфа жүйесі орналасқан жерлерді ақырын ғана сылап-сипаңыз, бетіңізге тиіспеңіз.
Төменнен жоғарыға қарай бағыттаңыз. Саусақтарыңыздың ұшынан жоғары қарай, жұмсақ, шеңбер жасай отырып қимылдаңыз.
Массаждан кейін міндетті түрде себезгі қабылдаңыз, теріге ылғалдандырушы құрал жағыңыз.
Массаждан кейін бір стакан су ішу ұсынылады, бұл ағзадан токсиндердің шығуына әрі су-тұз теңгерімін реттеуге көмектеседі. Қалауыңызға қарай суға лимон тілігін салуға болады.

Дереккөзі: ​goodhouse.ru

Дереккөз: http://reactor.inform.kz