Назарбаев президент сайлауы қашан өтетінін айтты
БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауы туралы уақыты келгенде сөйлесеміз деді
Жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауын өткізу мерзіміне тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, парламентті мерзімінен бұрын қайта сайлауға ешқандай негіз жоқ. Олар өздерінің заң шығару рөлін атқарып отыр.
«Кеше біз жылды қорытындыладық. Біздің ұсынып отырған жаңа бағдарламаларымыз, бағытымыз, заңнамалық жағынан қамтамасыз ету – бәрі сәтті өтіп жатыр», — деді Назарбаев.
Президент бүгінгі таңда Қазақстанда жеті партия жұмыс істейтінін атап өтті.
«Менің білуімше, Парламенттің мерзімі 2021 жылға дейін, осы уақытта сайланады. Ал президенттің сайлауы – 2020 жылдың желтоқсанында. Әлі екі жыл бар. Біз не айтып отырмыз? Уақыты жақындағанда, сөйлесеміз», — деді мемлекет басшысы.