7 жасар Ресей жұртын өнерімен тәнті етті: Лиэль Махпирова рекорд жаңартты

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

59 0 0

Алматылық апалы-сіңлілі Карина мен Лиэль Махпировалар үйде цирк өнерімен айналысады

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Жеті жасар қазақстандық Лиэль Махпирова әуеде шеңбермен айналудан ресейліктің рекордын жаңартты. Әзірге жас гимнастшының рекорды ресми тіркелген жоқ. Десе де дәл қазір оны ресми тіркеу үшін келіссөздер жүріп жатыр.

Қызының жетістігі туралы Лиэльдің анасы Жанна Махпирова айтып берді. Ол тілшісіне берген сұхбатында биыл танымал «Лучше всех!» шоуында жұртты өнерімен тәнті еткен қыздарының өмірінде қандай өзгерістер болғанына тоқталды. 

Лиэль Махпирова осы жылы талантты балалар қатысатын ресейлік бағдарламаның қонағы болды. Жобаға оның әпкесі Карина Махпирова да қатысты.

Жанна Махпирова көгілдір экраннан бой көрсеткелі жұрт қыздарын көшеде танып, тоқтатып, бірге суретке түсуді өтінетінін айтады.

«Олар танымал жұлдызға айналды деген артықтау. Бізден шоуда сыйлаған моноциклді қайтадан алып қойған жоқ па деп сұрап жатады. Жоқ, қайтарып алған жоқ. (Күлді.) Карина оны керегіне жаратып жүр», — дейді Жанна.

11 жастағы Карина моноциклді, эквилибртиканы және шарлармен өнер көрсеткенді жақсы көрсе, Лиэль әуе гимнастикасын ұнатады. Әртістің анасы бірнеше күн бұрын оның 16 жастағы ресейліктің рекордын жаңартқанын айтады.

Мұның алдындағы рекордшы Елизавета Бутенко туралы Ресейдің рекордтар кітабында жазылған. Ол әуеде шеңбермен 61 рет айналған екен.

«Қазір біз шеңбермен айналудан рекорд орнатуды жоспарлап отырмыз. Ресейлік рекорд бар — 65 рет. Лиэль бұл жолы 94 рет айналды. Бізде Қазақстанда мұндай рекорд мүлдем жоқ. Халықаралық деңгейдегі ақпаратты әзірге таппадық. Қазір Алматы қаласында келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Рекордтың тіркелуін бір елеулі оқиғамен орайластыруды жөн көріп отырмыз», — деді Жанна.

«Лушче всех!» шоуында жұртты қайран қалдырған гимнастшылар неге үйде жаттығады

Апалы-сіңлілі Махпировалар әуе гимнастикасы мен бимен студияда, ал цирк өнерімен үйде айналысады. Осы уақытқа дейін олар Алматы қаласындағы Мұрат Мұтырғановтың цирк мектебіне барып жүрген. Алайда жуырда аталған мектеп Астана қаласына көшіп кетті.

«Әзірге Астанаға көшіп барудан пайда көріп отырған жоқпын. Үйде жаттығудың бір ғана кемшілігі бар — кеңістіктің кішкентай болуы. Сондықтан белгілі бір трюктерді жасай алмаймыз. Арасында залдарды жалға алып, ақшасын өзіміз төлейміз», — деді Жанна.

Қыздардың анасы бұл қызығушылықтарының мектептегі оқуына еш кедергі келтіріп жүрген жоқ екенін айтып өтті. Десе де, қыздарының шапитомен әрі қарай айналыспағанын қалаған кездері болған екен.

«Қыздар жарақат алған кезде қатты алаңдаймын. Мұндай кездерде «Болды. Бұл тақырыпты жабамыз» деп айтамын. Кейін Карина қайта рұқсат беруімді өтіне бастайды. Сосын барлығын басынан бастаймыз. Каринаның екі жері сынды. Бірде қолын, енді бірде аяғын сындырды», — дейді Жанна.

Карина Мәскеудегі цирк колледжіне түсуді алдына мақсат етіп қойған. Небәрі 11 жасында болашақта сүйікті ісін жалғастыру үшін ақша жинап жүр. Әлеуметтік желі арқылы өзіне кеңестер беретін ресейлік цирк әртістерімен хат алмасып тұрады.

Қыздардың отбасында бұрын-соңды ешкім цирк өнеріне жақын болмаған. Цирк мектебіне не кездейсоқ келген.

Жаңа жыл қыздар үшін Мұрат Мұтырғановтың тегін шоуында өнер көрсетуден басталады. Жас жұлдыздар жиналған қауымды жаңажылдық ертегі әлеміне еліктіріп әкету үшін таңғалдырарлық трюктер орындайды.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/