«Головкин — Альварес» арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты жаңа дерек шықты
The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер «GGG — Канело» арасындағы кездесу қай қалаларда өтуі мүмкін екенін айтты деп хабарлайды sports.kz сайты.
Дуглас Фишердің сөзінше, қазақстандық пен мексикалық боксшының арасындағы үшінші кездесу Нью-Йоркте немесе Далласта өтуі мүмкін.
Алайда бұл жекпе-жекті Лас-Вегас қаласы өткізгісі келсе, ешбір қала оның ұсынысын басып оза алмайды деген ойда.
Айта кетейік, Головкин мен «Канелоның» екі жекпе-жегі де Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен болатын.
Бірінші атақты боксшылардың бірінші кездесу тең есеппен аяқталса, екінші жекпе-жекте «Канело» төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Алайда, қалың көпшілік мексикалық спортшының жеңісіне әлі де күмәнмен қарауда.