Берері бар бағдарлама | «Айқын» газеті

0

Астанада Үкімет пен Дүниежүзілік банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» бірлескен жобасының қорытындысы жасалды.   

Аталған жоба 2016 жылдан бастап қолға алынған. Жоба 2020 жылға дейін жалғасады. Білім және ғылым министр­лігінің басты мақсаты – жоба аясында ғылымды дамыту. Жобаларды басқару тобының директоры Мұрат Сарт­баев­тың айтуынша, жаңа инновациялық жобалардың болашағы зор.
«Біз жоба аясында тек ғылымды дамыту басымдығымен шектеліп қал­маймыз. Демек, әртүрлі бағыттар мен салалардың өкілдері атсалысады. Негізі бағдарлама аяқталған зерттеулерді қар­жыландырады. Жобаға ғалымдармен қатар кәсіпкерлер де үлес қосады. Атап айтар жайт, зерттеу жұмыстарын зерт­ханада тәмамдап, жартылай өндірістік жүргізе алатын ғалымдарға арналған. Гранттық бағдарламаның негізі – бұл зияткерлік меншікті құру. Кез келген технология – бұл зияткерлік меншік. Бізде басымдық берілген бағыттар бо­йынша қатал шектеулер жоқ. Де­ген­мен де, экономиканы әртараптандыру үшін ең үздік жобалар бірінші кезекте ірік­те­лініп алынады», – деді Мұрат Сартбаев.
Бүгінгі таңда жобаның бірінші бө­лі­гі – инновацияға арналған база құру. Ол бойынша 2016 және 2017 жылдарда аға және кіші ғылыми қызметкерлер үшін гранттық бағдарламаның екі ке­зеңі іске асты. Осы аралықта 901 өтініш түскен. Қазіргі таңда 40 қосалқы жоба жүзеге асуда. Оны жүзеге асыру нә­тижесінде, 6 лицензиялық мәміле жа­сал­­ған. 18 ұлттық патент, 4 Еуразиялық патент алынған. 1 халықаралық РСТ-өтінім берілді. Жалпы 17 қосалқы жобаның құны – 200 миллион теңге. «Өндірістік консорциумдар құру» ком­поненті екі бағытта іске асты. Өндірістік сектор мен инклюзивті инновациялар консор­циумдары сәтті жүзеге асқан. Өндірістік сектор бойынша 2017 жыл­дан бастап 3 жобаны кәсіпкерлер қар­жыландырды. Биыл да 3 жоба таңдалып алынған. Инклюзивті инновациялар бағытын жүзеге асыру қазан айынан басталған.
Бұған дейін республика бойынша байқауға қатысу шарттарын түсіндіру бойынша семинарлар өткен. Жалпы, 100-ге жуық өтінім келіп түсті. Талқы­лаудан соң ғылым және коммерция­ландыру бойынша Халықаралық кеңес өтінімдерді сараптайды.

Майра ЖАНЫСБАЙ

Дереккөз: Айқын