Жаңа жылдық кештер үшін ең қымбат гонорар сұрайтын әнші кім? — новости Казахстана

0

Жаңа жыл мерекесі көптеген әртістер үшін табысты кезеңнің бірі болатынын белгілі. Осы орайда желтоқсан басталғаннан тапсырыстан қолы босамайтын отандық әншілердің бағасын Еуразия бірінші арнасы анықтады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: әншілердің жеке парақшасынан алынды, коллаж: NUR.KZ

Фото: әншілердің жеке парақшасынан алынды, коллаж: NUR.KZ

Солардың ішіндегі ең қымбат әнші Ерке Есмахан болып шықты. Оның мерекелік кештегі гонорары 15 мың доллар немесе 5,5 миллион теңгені құрайды.

Төреғали Төреәлі мен Мақпал Исабекова 8 мың долларға өнер көрсетуге дайын.

КешYOU тобының бұрынғы әншісі Жанар Дұғалова 7 мың долларға жаңа жылдық кешті жандандырады.

Әртістердің басым бөлігі жаңа жылдық кештерге орай бағасын көтерсе, танымал әнші Қайрат Нұртас екі есеге арзандатқан.

Былтырғы жылы қазақ эстардасының жұлдызы 10 мың долларға өнер көрсетсе, биыл 5 мың долларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлауға әзір.