Ұялы телефон несиесін төлмегені үшін үйінен айырылды

0
Ұялы телефон несиесін төлмегені үшін үйінен айырылды


Украинаның Киев облысының тұрғыны несиеге алған ұялы телефоны үшін пәтерінен айырылды.

Бұл туралы Politeka порталы хабарлады. Әйелдің айтуынша, несие танысының өтініші бойынша 2006 жылы ресімделген екен. Ол кезде банктен 3100 гривен алған. Он жыл өткен соң танысы қарызды өтемегені белгілі болған және әйелдің отбасы тұрып жатқан пәтер сатылымға қойылған.

Нәтижесінде тұрғын жай электронды сатылымға шығарылып, миллион гривен тұратын үйі 800 мыңға сатылған. Қожайынға сатылымнан қалған соманың жартысы берілген.

Қарыз алушының айтуынша, банк қызметкерлері бұған дейін несиенің төленбегендігі туралы хабарламаған, ал соттың шақыртуы тіркелген мекенжайға жіберілген, бірақ онда ешкім тұрмайтын болып шыққан. Енді ол апелляциялық арыз бермек.

Дереккөз: Baq.kz