2018 жыл қандай атышулы сот істерімен есте қалды? — новости Казахстана

0

2018-ші жылы атышулы сот процесстері көп болды. Биыл бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов сотталып, тағы басқа даулы істер қаралды деп жазады NUR.KZ.

Коллаж: ғаламтордағы ашық дерекөздерден алынды

Коллаж: ғаламтордағы ашық дерекөздерден алынды

Осы жылдың наурыз айында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сотталды. Ол бір миллиард теңгені жымқырғаны үшін айыпталған болатын. Экс-министрдің бар мүлігі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі шығарылғаннан кейін берген апелляциялық өтінімін сот қайтарып тастады.

azh.kz

Фото:azh.kz

Бишімбаев Түркістан облысындағы Ленгер қаласындағы максималды қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеуде.

Прокурор Қуандық Бишембаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды талап еткен. Экс-министрдің тәркіленген коттеджі ауылдың мәдениет үйіне айналды.

Осы істен кейін бірнеше күн өткен соң кәсіпкер Мұратхан Тоқмадиге де үкім шығарылды. Ол максималды қауіпсіздік мекемесінде 10,5 жыл жазасын өтейді. Тоқмадиге банкир Ерлан Тәтішевті өлтірді деген айып тағылды. Ол бұл қылмысқа Әблязовтың тапсырысы бойынша барғаны айтылды. Қаржылай сыйақы ретінде ол төрт млн АҚШ долларын алған.

bnews.kz

Фото:bnews.kz

Сегізінші наурыз күні тұтқындалған кәсіпкер қашып кетуге тырысты. Алайда құрықталып, облыстық тергеу изоляторына жеткізілген.

Осы жылдың шілде айында «Әлби ісі» бойынша сотталған Қайрат Жамалиев бостандыққа шықты. Астаналық кәсіпкер Әліби Жұмағұловты соққыға жыққаны үшін айыпталған болатын. Жамалиев 13 жылға бас бостандығынан айырылған еді, бірақ 2017-ші жылы сот шешімі алты жылға қысқартылып, қоныс колониясына ауыстырылды.

Today.kz

Фото:Today.kz

Биыл Жамалиев өтелмеген мерзімді айыппұлға алмастырып, бостандыққа шықты. Алайда қараша айында ол тағы бір қылмыстық іске қатысы бар деген күдікке ілінді. Кәсіпкер арызданушымен бейбіт келісімге келе алды.

2018-ші жылы «Чукотка» барында болған төбелеске қатысқан Александр Кузнецов бостандыққа шықты. Төбелес кезінде Сырым Мұратқалиев деген жігіт қаза болған.

NUR.KZ

Кузнецовты қоныс колониясында 1,5 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылған болатын. Алайда апелляциялық сот жігітті сегіз жылға бас бостандығынан айырды.

Кузнецов та Жамалиев сияқты өтелмеген мерзімді айыппұлмен алмастыруға өтініш жазып, істі ұтып алды. Оны тамыз айында бостандыққа шығарды, бірақ біраз уақыттан кейін жәбірленуші тарап өтініші бойынша іс қайтадан сотқа қайтарылды.

Кузнецовты колонияға ресми түрде «қайтарды», себебі ер адам елден қашып кеткен.

Биыл қазан айында сырттай Храпуновтар отбасы сотталды. Әулеттің отағасы 17 жылға бас бостандығынан айырылса. жұбайы 14 жылға, ал үшінші айыпталушы Айяр Ілиясов бес жылға сотталды.

today.kz

Фото:today.kz

Бірақ олар «жазаларын» Женевада өтеуде. Онда олар бейқам өмір сүріп жүр.

Храпуновтар отбасына қомақты бюджет қаржысын жымқыру, мемлекеттік және коммуналды мүлікке иемдену, пара алу және қылмыстық табысты заңдастыру сынды айыптар тағылды.

bnews.kz

Фото:bnews.kz

Жыл соңында экс-банкир Мұхтар Әблязов та сотталды. Оған серіктесі Ержан Тәтішевті тапсырыспен өлтіртті деген айып тағылды. Сот судьясы қашып кеткен банкирді өмір бойына бас бостандығынан айырып, қатаң режимдегі түзету мекемесінде жазасын өтеуге кесті.

Сот үкімі бойынша Әблязовқа банк саласында үш жыл бойы істеуге тыйым салынады. Айта кететін жайт, Әблязов сотқа келген жоқ, қазір ол шетелде бой тасалап жүр.