Түс туралы не білеміз?
Түс – ұйқының табиғи бөлігі. Таңқаларлығы, түс және оның мағынасы жайындағы фактілер әлі күнге дейін беймәлім. Алайда ғылым түстің құпияларын анықтауда ілгерілуде. Түстер жайлы сіз күдіктенбеген мына қызықты фактілерге назар аударыңыз
Психологиялық зерттеулердің дәлелдегені
– Бала кездерінде қара ала теледидар көрген адамдар қара ала түстерді жиі көреді
Кейбір адамдар саналы түрде өз түстерін сырттай бақылай алады. Бұл ерекше құбылысты «саналы түс» деп атауға болады
Американдық психологиялық қауымдастықтың пікірінше, түстер сіздің шығармашылық бастауларыңызды қоректендіреді. Зерттеулерге сүйенсек, түстер жай адамдарға өз мәселелерінің шығармашылық шешімдерін табуға көмектеседі. Болжамды түрде, шынайы туындының дүниеге келуіне септігін тигізетін үдерісті түстер жүзеге асырады.
Біз ұйықтаған уақытта біздің ми демалмайды. Керісінше, ол белсендірек болады
Зағип жандар да түстер көреді. Дат ғалымдарының 2014 жылы жүргізген зерттеулерінің нәтижелерінің көрсетуінше, олар қорқынышты түстерді сау адамдарға қарағанда көбірек көреді.
Түстердің көбі жағымсыз болғанымен, «түс» деген сөздің өзі жағымды реңк береді. Ағылшын сөзі «dream – түс» «қуаныш» пен «музыка» деген мағынаны білдіретін орта ағылшын тілінің «dreme» сөзінен шыққан.
Ерлер мен әйелдердің түстерінің кейбір өзгешеліктері бар. Ер адамдардың түстері мейірімсіздеу және әйелдердің түстеріне қарағанда, кейіпкерлері азырақ болады. Сондай-ақ, ер адамдар түстерінде әйелдерді емес, еркектерді жиірек көреді. Әйелдер өз кезегінде түстерінде екеуін де тең дәрежеде көреді
Ұйқыдан тұрған соң түстің 50% ұмытып қалынады. Ал 10 минуттан соң түстің 90%-ын ұмытып қаламыз
Біздің түсімізде көптеген кейіпкерлер болуы мүмкін, алайда біздің санамыз оларды ойлап таппайды – біз түсімізде өмірде кездестірген шынайы адамдарды көреміз
Айкезбелік бар және ол рас әрі қауіпті құбылыс. Айкезбелікпен ауыратын адамдардың көздерінің жылдам қозғалысының бұзылғаны қиын әрекеттерді орындағанынан байқалады. Мұндай адамдардың қатысуымен экстремалдық хикаялар да болған. Бір жігіт 16 км жүріп өтіп, өз бауырын өлтірген. 55 жасар аспаз түсінде ас әзірлейді. Ең таңқарарлық хикаяның кейіпкері – түсінде «таңғажайып өнер туындысын» өмірге алып келетін мейіргер.
Дереккөз: http://reactor.inform.kz