Бүгінгі істі ертеңге қалдырмаудың ұтымды тәсілдері

0

Бүгінгі істі ертеңге қалдырмаудың ұтымды тәсілдері

Жыл сайын «орындауым керек» деп жеке жоспарыңызға енгізіп жатқаныңыз азайып жатыр ма, әлде көбеюде ме? Егер, көбейіп жатса, онда уақытында орындалмағаны деп біліңіз. Бұл шаруаларды, мәселелерді, армандарды бір сөзбен жұмыс деп қарастырған дұрыс шығар. Ал, қордаланып жиналған қат-қабат бұл жұмыстарды қалай орындап тауысуға болады?

Қайсысынан бастаған жөн? Тайм-менеджмент мамандары бұл орайда ең алдымен «орындауым керек» деп жүрген жұмыстарыңызды саралап алуға кеңес береді. Және жұмысты саралауға арналған көп әдіс-тәсілді ұсынады. Қайсысы тиімді? Тайм-менеджмент тәсілдерінің танымалдылығы жағынан алдыңғы орында тұрғаны – «Эйзенхауэр матрицасы» болса, ал ең көп қолданылатыны – «АВСД» әдісі екен. «Эйзенхауэр матрицасы» неліктен танымал? Өйткені, оның авторы – 34-ші АҚШ президенті, американдық әскери қайраткер Дуайт Дэвид Эйзенхауэр. 

Бұл тәсілді көбіне басқару қызметінде отырған басшылар, бизнесмендер, ірі компания иелері қолданады. Сондықтан да, ол ел арасында кеңінен тараған. Ал, ұғынықтылығы мен қарапайымдылығы жағынан қарастырсақ, онда ең бірінші «АВСД» ережесі аталады. Бұны қарапайым халық жиі пайдаланады. Басшылар, бизнесмендер көп пе, әлде халық па? Әрине, халық! Ендеше, «АВСД» әдісінің неге көп қолданылатыны да түсінікті болар. Сонымен, көп жұмыстың қайсысынан бастап орындауды анықтау үшін тайм-менеджменттің танымал әдісі мен жиі қолданылатын тәсілін бірге пайдалану керек

Дереккөз: http://reactor.inform.kz