Алматыда тағы бір автобус бағыты жаңарады
Алматы, BAQ.KZ. Қалада көлік реформасы аясында жылжымалы құрамды жаңарту және бағыттар желісін көбейту одан әрі жалғасуда. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек №141 бағытты жаңарту үшін жеке тасымалдаушы сатып алған жаңа автобустарды көрді.
Бұл бағыт бойынша 12 метрлі төмен еденді автобустар жүреді, олардың барлығы кондиционерлермен, еңкейгіш жүйесімен жабдықталған және Евро-5 экологиялық сыныбына сай.
Жаңа автобустар биылғы жылдың 30 желтоқсанында жолға шығып, Айнабұлақ ықшам ауданы мен «Мост» аялдамасының арасын қамтиды. Бағыттың барлық жүргізушілері бірыңғай жаңа форма киген. Киімнің қысқы варианты шалбардан, ұзын жеңді жейдеден, свитшот немесе пуловерден және жылы курткадан тұрады.
Жалпы, биылғы жылы қала бойынша 479 жаңа автобустар алынды, келер жылы тағы 600 автобус алу жоспарланған, олардың басым бөлігі бюджеттен тыс қаржы есебінен сатып алынуда.
Еске салсақ, бұрындары BRT желісі аялдамаларында пайда болған алғашқы электронды таблолардан бағыт нөмірі және қоғамдық көліктің аялдамаға қай уақытта жететіні туралы актуалды хабарламаны оқуға болатындығы айтылған еді. Бұл жоба да бюджеттен тыс қаржы есебінен іске асуда.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ