Елбасы мемлекеттік саяси лауазымдардың тізіліміне қатысты Жарлыққа толықтыру енгізді

0
27 Желтоқсан 2018, 18:43 186 0

Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітуге қатысты Жарлыққа толықтыру енгізді, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

«2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген тарауда:

«Б» корпусы» деген бөлімде:

«D санаттарының тобы D-2 санатында:

«Тексеру комиссиясының мүшесі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 26 желтоқсан

№ 815


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ