Елмен бірге естідім: Жеңіс Қасымбек жаңа қызметті қалай қабылдады? — новости Казахстана

0

Жеңіс Қасымбек кеше Елбасының жарлығы бойынша тағайындалған индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің міндеттері туралы айтты деп жазады NUR.KZ.

baribar.kz

Фото:baribar.kz

«Инвестиция мен даму министрлігінің бірқатар өкілеттіктері сыртқы істер министрлігіне берілді. Нақты айтқанда, инвестиция тартумен СІМ айналысады», — деді министр.

Сонымен қатар экспортты ілгерілету мәселесіндегі өкілеттік те мемлекеттік органдар арасында межеленді.

«Біз экспортты дамыту құралдарымен айналысамыз. Нақты айтқанда біздің министрлік — өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспортымен айналысады. СІМ мемлекеттік органдардың экспортты ілгерілету жұмыстарын үлестіріп отыратын болды. Себебі экспортпен ауылшаруашылығы министрлігі, энергетика министрлігі және басқа да салалық министрліктер айналысады», — деді Жеңіс Қасымбек.

Министр шетелдік инвестициялар комитеті сыртқы істер министрлігінің қарамағына өткенін, сонымен қатар «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының да сыртқы саясат ведомствосына қарайтынын баса айтып өтті.

«Министрліктің қайта ұйымдастырылғанын қайдан естідіңіз?» деген сұраққа министр былай деп жауап қайтарды:

«Әртүрлі мүмкіндіктер талқыланды. Кеше түстен кейін сіздермен қатар естідім», -деді министр.