Семейде ер адам көліктің астына түспек болған
Семейде жаяу жүргінші өтіп бара жатқан көліктің астына түспекші болған.
Оқиға Семейдің Абай көшесіндегі айналма жолға кіре берісте орын алған. Ол жерде бағдаршам және жаяу жүргіншілер жолағы жоқ. Ер азамат жолдың шетінде тұрып, машина өте бергенде көлікке қарай ұмтылған.
Осылайша өмірімен қоштаспақ болан ер адамды көлік жүргізушілердің бірі телефон камерасына түсіріп алған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары мән-жайды тексеру үстінде. Жаяу жүргіншіні анықтаған соң, оны әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салады. Бұған дейін, бензин тасымалдайтын көлік апатқа ұшырап, 4 адам ажал құшты.