2018 жылы еліміз ауыз толтырып айтарлықтай қандай жетістіктерге қол жеткізді
Сенбі күні 21:00-де Еуразия бірінші арнасындағы «Басты бағдарламада» аталған жетістіктер турасында толығырақ мәліметтер мен ой толғамдар және сарапшы пайымдары ұсынылатын болады.
2018 жылы еліміз халықаралық және стратегиялық маңызы бар бірқатар жетістіктерге жетті.
Атап айтар болсақ, ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне уақытша төрағалық. Жылдың басы қаңтар айында президент Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ңның Қауіпсіздік кеңесінде баяндама жасады. Қазақстанның халықаралық саясат пен әлемдік геосаяси қатынастардағы байсалдылық пен бейбіт диалогтарға негізделген айқын ұстанымы биік мінберден айтылды.
2018 жылдың тамыз айында 5-ші Каспий жағалауы елдерінің саммиті өтіп, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі айқындалды. 20 жылдан аса жүргізілген күрделі келіссөздер бойынша ортақ мәміле Қазақ даласында табылды. Ақтау саммитін сөзсіз өтіп бара жатқан жыл жетістігіне балауға болады. Сондай ақ дәл осы Маңғыстау облысында мультимодальдық Құрық порты іске қосылды. Орталық Азия, Қытай, Ресейдің Урал-Сібір аймақтарын теңіз арқылы Кавказ, Түркия және Еуропамен жалғайтын бұл нысан сөзсіз стратегиялық маңызға ие. Б
ұдан бөлек, Астана халықаралық қаржы орталығының құрылуы да стратегиялық тұрғыдан үлкен жетістік. Лондон, Франкфурт, Нью-Йорк, Токио, Шанхай және Дубай биржалары жаһандағы қаржылық қатынастардың аса ірі орталықтары. Келешекте олардың қатарына Астана да қосылуы тиіс. Сонымен қатар, IT-стартаптардың халықаралық орталығының құрылуы да келешекте еліміздің инновациялық дамуына үлкен серпін беретін жоба.
Сенбі күні 21:00-де Еуразия бірінші арнасындағы «Басты бағдарламада» аталған жетістіктер турасында толығырақ мәліметтер мен ой толғамдар және сарапшы пайымдары ұсынылатын болады.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/