Қайрат Жамалиевке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды — новости Казахстана
Астана қаласының тұрғынының арызы бойынша ашылған атышулы кәсіпкер Қайрат Жамалиевке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Астаналық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі тараптың бейбіт келісімге келуіне байланысты тергеушілер осындай шешім шығарған.
Қылмыстық іс 17-ші желтоқсан күні тоқтатылған.
Еске сала кетейік, «Әліби ісі бойынша» басы дауға қалған астаналық кәсіпкер Қайрат Жамалиевті тағы да қылмыстық істерге қатысы бар деп күдікке ілінген болатын.
Полицияға 36 жастағы Астана тұрғыны шағымданып, кәсіпкердің оны соққыға жыққанын хабарлаған. Кәсіпкерге қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Жамалиевтен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.
Осыдан үш жыл бұрын кәсіпкерді Әліби Жұмағұловтың әкесі ұлын ауыр соққыға жыққаны үшін айыптаған еді. Нәтижесінде Жамалиев 13 жылға сотталды, бірақ биыл тұтқындалу мерзімі айыппұлға алмастырылған болатын.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар