Күнтізбелік тақырыптық жоспар, қызықты математика курсының күнтізбелік

0
Құрастырған: Кусманова Гульмира Жумагалиевна, бастауыш сынып мұғалімі.
1 — сыныпқа арналған
Қызықты математика курсының күнтізбелік — тақырыптық жоспары
Түсінік хат
6 — 7 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі — дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан бірінші сыныпқа арналған «Қызықты математика» арнайы курс бағдарламасы осы ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған сұранысқа орай анықталған мақсаттар мен міндеттер бастауыштың математикалық білімінің жаңа мазмұнын жасаудың, онымен үйлесімді оқытудың әдіс — тәсілдерін, құрал — жабдықтарын және ұйымдастыру түрлеріндегі математикалық сауаттылықты анықтаудың қажеттілігін көрсетеді. Осыған орай бүгінгі күн талабына сай даярланған, көзі ашық, білім дәрежесі жоғары, жан — жақты дамыған адамды қалыптастыру үшін сапалы білім беру қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі күні математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. «Қызықты математика» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса математикалық, логикалық, танымдық мағлұматтарды меңгереді, ақыл — ойы, ойлау қабілеті жетілдіріледі.
«Қызықты математика» курсы 1 сыныптағы оқу жүктемесінің көлемі:
аптасына 1 сағат, жылына 33 сағат жүктеме берілген.
Бірінші сыныпқа арналған арнайы курс «Қызықты математика» дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындау үшін қажет пайымдау жасау, ой қорыту білігін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастырады. Тапсырмалардың мазмұны бірінші сынып оқушыларына математиканы оқыту әдістемесін дамытудағы қазіргі тенденцияларды ескере отырып құралған жаттығулар жүйесіне негізделген.
Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы — дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді.
«Қызықты математика» бағдарламасы арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральдық, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. «Қызықты математика» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып — үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл — ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.
Көңілді жаттығулар, викториналар, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.
Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.

«Қызықты математика» арнай курс бағдарламасында келесі тапсырмалар түрлері енгізілген:
— геометриялық мазмұндағы және кеңістік ұғымын дамытуға арналған тапсырмалар;
— заңдылықтарды, реттілікті анықтауға арналған тапсырмалар;
— жиынмен байланысты амалдарды орындауға арналған тапсырмалар;
— өзара — бірмәнді сәйкестік;
— математикалық басқатырғыштар;
— логикалық қортындылар;
— лабиринттер;
— көңілді жаттығулар (блиц — әртүрлі тапсырмалар);
— сөзжұмбақтар;
Қызықты математика курсының күнтізбелік — тақырыптық жоспары жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/