Қазақша реферат: Әскери қызметшілерді оқытудың негізгі құрылымдық элементтері
Әскери қызметшілерді оқыту үрдісі жоғарыда оның негізгі логикасы (мақсаты, тапсырмасы, қызметі, заңдылықтары, қарама-қайшылықтары) арқылы сипатталған болатын. Жан-жақты қорытындылау үшін аталмыш үрдісті оның негізгі қүрылымдық элементтері арқылы қарастырайық.
Осы бір-бірімен байланысқан элементтер жиынтығы төмендегілерді құрайды: мақсат; оқыту үрдісінің (орыту және оқу) құрамындағылар (субъектілер); оның құрамы; әдісі, тәсілі, ережесі; оқыту құралдары мен түрлері; сабақ түрлері: оқу үрдісінің құрылымды, әдістемелікжәне ұйымдастырылған түрде қамтамасыз етілуі; оқыту нәтижесі; үрдістің бағалау-түзету бөлімі (диагностика), оның тікелей және қарымта байланысы.
Оқыту үрдістерінің талаптары:
• жағдай анализі, оқу мақсатының анықталып, қойылуы;
• оқу жұмысының жоспарлануы мен үйымдастырылуы, мақсатқа жетудің құрылымың әдісі мен құралын анықтау;
• оқу материалының әртүрлі әдістермен меңгерілуі;
• операцияда оқытушы мен оқу іс-шараларының орындалуы;
• құрамның меңгерілуіндегі бақылау мен тексеру жұмыстарын жүргізу;
• оқу үрдісі нәтижесінің бағасы.
Құрылымдық байланыстар мен ерекшеліктерді анықтау үшін оқу үрдісінің негізгі элементтерін қысқаша қарастырайық.
Мақсат — қызметтің шамамен алынған нәтижесі; алдын ала жоспарланған нәтиже.
Ол адамның ұзақ уақыт бойындағы ұйымдастырылған қызметінің арқасында іске асады. Ол әскер дайындығының талаптарына сәйкес болады.
Әскери қызметшілерді оқыту барысында оның мақсаттары басты, жалпы, арнайы-пәнді және жеке болып бөлінеді.
Оқытудың басты тапсырмасы — міндеттемені сапалы орындаудағы және қызмет тапсырмаларын шешудегі әскери қызметшінің әскери-кәсіптік дайындығы.
Жалпы мақсаттар оқу мерзімі кезінде оқытылатын арнайы, оқу қызметіне (пәнге) байланысты.
Арнайы-пәндік мақсат оқудың аталмыш сабақтағы әртүрлі сатылары бойынша бітірген әскери қызметші жүзеге асыра алатын тапсырмалармен байланысқан.
Жеке мақсаттар осы оқу пәндерінің белгілі бір тарауларың тақырыптарың сұрақтарын оқуға бағытталған.
Басты мақсатты түрлендіру, оны дұрыс құру құралдардың, әдістердің және оқу материалының реттелініп берілу түрінің дұрыс таңдалуын қамтамасыз етеді.
Әскери қызметшінің дайындығында басты рөлді оқытушы (командир, бастық, тәриеші, нұсқаушы және т.б.) атқарады. Оның негізгі педагогикалық тапсырмалары мыналар:
• қарамағындағылардың оқу қызметін ұйымдастырып, оны баскару; оқу материалын жүйеленген түрде жазу және қару-жарақпең әскери техникамен жұмыс істеудің негізгі әдістерін көрсету;
• жауынгер бойындағы оқуға және т.б. іс-шараларға деген қызығушылықты арттыру;
• оқушыларда өз бетінше білім, білік, дағды және әскери шеберлігін дамытудағы машықты қалыптастыру;
• қарамағындағылардың дайындығың білім, білік, дағды және әскери шеберлігінің деңгейін тексеру.
Осы сүрақтарды шеше отырып, оқытушы қарамағындағылардың оқу қызметін ұйымдастырушы және басқарушы ретінде көзге түседі. Ол оларға әртүрлі әдістермең құралдармен және тәсілдермен әсерін тигізеді. Аталмыш қызмет барысында оқушылар білім, білік және дағды жинайды, сонымен қатар оларда ойлау қабілеті дамып, мінезі қалыптасады, адамгершілік-психологиялық сапасы, ұстамдылық, соғысқа деген психологиялық дайындық қалыптасады.
Оқу үрдісінің маңызды құрылымды элементі — оқушы. Оқушы мен оқытушының арасындағы қарым-қатынас кез келген оқу үрдісінің негізі.
Әскери қызметші оқыту барысында құрылымды компонент маңызды рөл атқарады.
Оқу құрылымы — оқушы қызмет-оқу кезінде меңгеретін білім, білік және дағды жүйесі.
Оқу құрамының негізгі талаптары. Ол әскери қызметшінің жоғары дәрежедегіәскери-кәсіптікшеберлігініңдайындығынасайкелетінжаңа заманғы талаптарға сай болуы керек. Оқу барысында меңгерілетін білімді, білікті және дағдыны қорытындылай келгенде әскери шеберлік қалыптасады. Бұл маңызды мақсат әскери қызметшінің әртүрлі сабақтарды оқу барысында іске асады. Олардың негізгілері мыналар: жалпы-мемлекеттік, атыс, арнайы, арнайы-техникалық, тактикалық, техникалық, сап дайындығы, дене дайындығы; жалпы әскери жарғылар; радиоактивті, химиялық және биологиялық қорғаныс. Әскери дайындық курсымен қарастырылған жоғарыдағы пәндердің әрқайсысы білім беру мүмкіндіктерімен қатар, тәрбиелеуші мүмкіндіктерді де қарастырады.
Оқу әдісі оқу үрдістерінде әдістерді, тәсілдерді және құралдарды жүйелі түрде қолданады.
Әскери қызметшілерді оқытудың әдістері — оқытушы мен оқушының біріккен қызмет түрі. Бұлардың көмегімен оқу мақсаты, әскери қызметшілердің білімді, білікті және дағдыны меңгеруі жүзеге асады. Оларда әскери және бейбіт өмір жағдайларындағы күрделі тапсырмаларды оңай шешу қабілеттерін қалыптастырады. Әскери қызметшілерді оқыту үрдісінің жаңа сатысында белсенді түрде келесі оқу әдістері қолданылады: оқу материалын ауызша айту; оқу материалын әңгімелеу; көрсету; жаттықтару; практикалық жүмыс; өзіндік жүмыс және т.б.
Тәсіл — әдістің бір бөлігі немесе оның бөлек бір элементі. Белгілі бір тәсілдер әртүрлі әдістердің қүрамына кіруі мүмкін.
Оқу құралдары — оқу үрдісін жүзеге асырудағы арнайы құралған материалды сабақтар мен құрылымдар. Оқудың негізгі құралдары; адамға табиғат арқылы берілген (сөйлеу, ым және т.б.); оқулықтар (кітаптар; аудио бейне оқу құралдарының ақпаратты материалдары); компьютерлік технологиямен оқытудың бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етілуі; дидактикалық материалдар; лабораториялық қондырғылар және т.б.
Оқуды ұйымдастырудың түрлері (ұйым түрлері) — оқу үрдісін үйымдастырудың сыртқы формасы, белгілі бір тәртіппен іске асатың оқушы мен оқытушының келісілген қызметі.
Оқушылардың саны мен құрамың оқу орның оқу жұмысының үзақтығың оқу ұйымының түрін ескере отырып, ұйымдастыру түрін ескере отырып, оқыту жеке, топтық, үжымдық, сыныптық (оқу аудиториясында), сыныптан тыс (полигондарда, танкодромдарда, аэродромдарда және т.б.) болып бөлінеді. Әскери қызметшіні оқыту үрдісінде оқу сабақтарының келесі негізгі түрлері қолданылады: дәріс, әңгіме, семинар, сұхбат, топтық сабақтар мен жаттығулар, лабораториялық сабақтар, практикалық сабақтар, тактикалық (арнайы-тактикалық) оқулар, командалық-штабтық оқулар, командалық-штабтық ойың теориялық (ғылыми-практикалық) конференция, бақылау жұмысы, кеңес беру, өзіндік жүмыс (соның ішінде оқытушы басқаруымен) және т.б.
Оқу үрдісінің соңғы элементі — нәтиже. Логикаға салсақ, жүзеге асқан мақсат. Нәтижеге жету көрсеткіштерінің негізгілері білім, білік, дағды және кәсіптік мағыналы қабілеттер болып табылады.
Білім — түсінік, болжам, түжырым, теория, заң, заңдылық түрінде көрсетілген таным үрдісінің нәтижесі; адам меңгеретін табиғат және қоғам заңдылықтары; өмірдің материалданған түрде көрінуі; түжырымдар мен түсініктер жиынтығы. Әскери қызметшінің сапалы мінезінің сипаты терең әрі көлемді болуы керек. Білім тереңдігі дегеніміз — әскери қызметшінің күрделі құбылыстардың маңызы мен заңдылықтарын түсіну үрдісі.