Жаңа жылдық қойылымда би билеген Қабатовтың қыздары елді сүйсінтті (фото, видео)
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қыздары жаңа жылдық қойылымда би билеп, көпшілікті тәнті етті. Әзілкештің Әдемі мен Айым есімді қыздары бір топ жас жеткіншектермен бірге өнер көрсеткен деп жазады NUR.KZ.
Тұрсынбек Қабатовтың үлкен қызы Әдемі «қар қиыршықтарының» биін билесе, ортаншы қызы Айым сахнада бір топ жас өрендермен бірге өнер көрсетті.
Олардың бірі сахнада жасыл түсті сахналық киімде би билесе, екіншісі ақ түсті көйлекте өз өнерін паш етті.
Сахналық қойылымға келген жұртшылық қыздардың өнеріне тәнті болып жатты.
Айта кетерлігі, Қабатовтар отбасының бүлдіршіндері бұған дейін де әкелерімен бірге талай мәрте сахнада өнер көрсеткен еді.