енді ұрланған телефонды қолдану мүмкін болмайды

0

Тәртіп сақшылары да IMEI-кодты тіркеу жұмыстарын әлдеқайда жеңілдететінін айтады.

Биыл елімізде 38 мың ұялы телефон ұрланған. Өкініштісі, олар тек сатылып қана қоймай, қылмыс жасаудың құралына айналып отыр. Бұл туралы zakon.kz, Алматы телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Виталий Ярошенко бұл мәселені IMEI-кодты тіркеу арқылы ғана шешуге болатынын алға тартты.

«Мәселен, ұялы телефоныңыз ұрланса, Ішкі істер министрлігіне барып, арыз жазасыз. Тәртіп сақшылары телефоныңызды табу үшін тергеу амалдарын жүргізеді. Ал бұл ретте «имей-кодты» тіркеу құқық қорғаушылардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді. Бұдан бөлек, енді ұрланған телефондарды қолдануға мүмкіндік болмайды. Тұтынушы ұялы телефоныңыздан сим картаны алып шығып, өзінің нөмірін салса, бұл телефон жұмыс істемей қалады. Бұл жерде мемлекет тарапынан жаһандық немесе жаппай бақылау туралы әңгіме болып отырған жоқ», – деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Виталий ЯРОШЕНКО.

Тәртіп сақшылары да IMEI-кодты тіркеу жұмыстарын әлдеқайда жеңілдететінін айтады. Мәселен, 100 ұрлық фактісінің 23-і ұялы телефонға қатысты екен. Осыған дейін полицейлер ұрланған құрылғыны кім және қандай мақсатта пайдаланғанын анықтау киынға соғатын дейді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/