Қытайдың жер асты ауылдары жайлы не білеміз? (ФОТО)

0

Қытай әлемдік экономикада үздік елдер қатарына кірсе де, елде 100 миллионннан аса адам кедей болып есептеледі. Көп адамның өз баспанасын тұрғызуға қаражаты жоқ болғандықтан, олар жерді қазып, үй жасайды екен. Осындай жер асты ауылдарын Қытайдың барлық аймақтарынан кездестіруге болады деп жазады bigpicture сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Статистика бойынша Аспан асты елінде 30 миллион адам үңгірлерде, жеркепеде және тағы басқа біз үшін оғаш жерлерде тұрады. Жеркепе дегенде біз бірден сыз тартқан, бұрыштарды зай басқан үйді елестетеміз.

Фото:bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Бірақ қытайлық жеркепелер мүлде өзгеше. Үйдің ішінде жайлы болмаса да, құрғақ. Тұрғындарда қолайлы жағдайлар жасалған, оларда ауызсу, канализация, ал кейбіреулерде тіпті жылу да бар.

Фото:bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Мұндай үйлерді салудағы мақсат, құрылыс материалдарын үнемдеу. Жер асты үйлерінде қабырғалар мен шатыр жоқ, ал жер астында орналасулары жылуды сыртқа шығармайды. Бірақ ең басты артықшылығы, олар ресми түрде тіркелмеген, ал бұл дегеніміз мұндай үйдің қожайындары салық және басқа да төлемдер төлемейді.

Фото:bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Жер асты ауылдары Қытайдың барлық аймақтарында кездеседі, ал ең үлкені Бейжің шетінде орналасқан. 2400 шаршы метр аумағында тоғыз көше, және бес пен 10 шарты метр көлеміндегі 188 бөлме орналасқан. Бұл елді мекенде 188 отбасы тұрады. Олар кешеннің қожайынына айына 300-ден 1000 юаньға дейін төлейді. (16 мың мен 53 мың теңге).

Фото:bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Қытайдағы ең ескі жер асты ауылына 400 жыл болған. Ол солтүстік Қытайдағы Шаньси үстіртінде орналасқан. Бұл жердегі өмір Бейжің маңындағы ауылдан мүлде өзгеше. Мұндағы адамдардың күнделікті табысы бір долларға да жетпейді, сондықтан үйлердің көбінің есіктері жоқ.

Фото:bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Шаньси үстіртінде өмір бойы жеркепеде өмір сүрген қариялар көп. Олар шаруашылықпен айналысатын қарапайым адамдар. Бар уақыттарын бақша егіп, үйлерін күтуге арнайды.

Фото:bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Қытай үкіметі осындай заңсыз ауылдардың бар екенін біледі, бірақ олармен күресуге дайын емес.

Фото:bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru