Ер адам қызғаныштан отбасын қырып тастаған

0
Ер адам қызғаныштан отбасын қырып тастаған


Ресейде ер адам қызғаныштан әйелі мен екі қызын атып өлтірген.

Ресейдің Ульяновск қаласындағы үйлердің бірінен 48 жастағы әйелдің, 15 және 11 жастағы қыздардың мәйіті табылған. Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитеті хабарлады. Олардың барлығы оқ жарақатынан қайтыс болған. 

Тергеу мәліметінше, ер адам отбасы мүшелерін барлығын атып өлтірген соң, артынша өз-өзіне қол жұмсаған. Тек 17 жастағы жасөспірім аман қалған. Ол оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, мұндай әрекетке ер адам қызғаныштан барған.