Өртенген автобустың иесі Ташкенттен елге жеткізілді

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

286 0 0

Ордухан Мехтиев көрші мемлекеттің аумағында жасырынып жүргені анықталып, оған халықаралық іздеу жарияланды

АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. 52 адам өртеніп кеткен автобустың иесі Өзбекстаннан Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Өзбекстаннан Ордухан Мехтиевті экстрадициялады.

Ұсталған адам осы жылдың қаңтар айында Ақтөбе облысында өртеніп кеткен техникалық ақауы бар автобусты заңсыз пайдаланды деген күдікке ілінді. 

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін көрші мемлекеттің аумағында жасырынып жүрген, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. 

Қазір Мехтиев Шымкент қаласындағы тергеу абақтысында отыр.

Естеріңізге салайық, 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Самара — Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза болды, барлығы Өзбекстан азаматы.

Осы іске қатысты тоғызыншы қарашада бес адамға сот үкімі шықты. Шымкенттегі «Азия транзит» ЖШС-нің құрылтайшысы мен автопарк механигі 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды.  

Өртенген автобустың үш жүргізушісіне 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шықты. Сонымен қатар сотталушыларға жәбірленушілердің әрқайсысының отбасына 2 миллион теңгеден моральдық шығын өтеу міндеттелді. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/