Ақырзаман қалай орнауы мүмкін? — Әлем|25 Желтоқсан 2018, 22:32

0

Фото: Pikabu

Астана, BAQ.KZ. Сарапшылар ақырзаманның орнауына әкелуі мүмкін тоғыз жағдайды атады. Бұл туралы News Week басылымы хабарлайды.

Адамзаттың химиялық қарудан немесе супержанартау атқылауынан қырылып жатқаны Голливуд фильмдерінің сюжетіне көбірек ұқсайды. Дегенмен, зерттеу нәтижелеріне сенсек, бұлар ақырзаман орнауына әкелетін шынайы әрі басты жағдайлардың бірі болады.

The Global Challenges Foundation қоры – адамзат бетпе-бет келіп отырған жаһандық проблемаларды азайтуға талпынып жүрген ұйым. Олар жақында жарияланған жыл сайынғы есебінде биыл адамзаттың қалай жойылуы мүмкін екенін айтып, ақырзаманның қалай орнауы мүмкін екеніне болжам жасапты. Баяндама жасау барысында мамандар ғылыми мақалаларды бағалап, ғалымдармен ақылдасқан көрінеді.

Баяндамада Кембридждің экзинстенциалды қауіп орталығының негізін қалаушылардың бірі Мартин Ристің айтуынша, адамзат әуе апаты секілді жағдайларға алаңдағанымен, көпшілігі жылдам дамып жатқан жаңа технологиялардың кемшіліктері мен экологиялық проблемаларға бас қатыра бермейді.

«Менің сөздерім көпшілікті таңғалдыруы мүмкін.Дегенмен, бұл жағдайлардың салдары жер жаһанға тарайды», — дейді Рис.

Сонымен, баяндамада ақырзаманға әкелетін жағдайлар ретінде мыналар аталған:

Ядролық соғыс

Сарапшылардың айтуынша, он жыл бұрынғы жағдайға қарағанда, қазір ядролық соғыстың шығу қаупі жоғары.

«Хиросимада жүз елу мың адамның өмірін алған кезде адамзат тарихтағы бұрын соңды болмаған соғыстың көлеңкесін ғана көрді», — дейді сарапшылар.

Ядролық қару 1-4 километр жердегі тіршіліктің 80 − 90 пайызын жойып жібере алады. АҚШ пен Ресейде жеті мың оқтұмсық бар және бұл екі мемлекет ядролық арсеналы ең көп елдер саналады. Сонымен қатар АҚШ, Франция, Қытай, Үндістан, Солтүстік Корея мен Израиль ядролық қарудың белгілі бір түрлерін ұстайтынын растаған еді.

Ядролық қару радиоактивті аурулар қаупін туғызып, адамдар мен қалаларды жойып қана қоймай, кішігірім мұз дәуірін орната алады.

Биологиялық және химиялық соғыс

Басқа да дәстүрлі ұрыс түрлеріне қарағанда биологиялық және химиялық қарудың дайындалуы арзан тұрады. Ал генді инженерия мен ситнтетикалық биология саласындағы жетістіктер микроағзаларды қауіпті ететіндей оп-оңай өзгерте алады.

«Егер ондай кішкентай ғана тірі ағзалар бақыланатын зертханалардан шығатын болса, бұл жағдай өте үлкен масштабтағы адам айтқысыз пандемияға әкеледі», — делінген баяндамада.

Климаттың апатты өзгерісі

2015 жылы екі жүзден астам мемлекет Париж келісіміне қол қойған еді. Онда бұл мемлекеттер жаһандық температураны қалыпты ұстап тұру үшін қажетті шараларды атқаруға келіскен еді. Дегенмен, баяндама авторлары жаһандық температураның арту қаупі әлі де бәсеңдемегенін айтып жатыр.

Температураның қазіргі өсу жылдамдығы сақталса, Нью-Йорк, Мумбаи, Шанхай суға кетіп, теңіз деңгейінен сәл ғана жоғары жерде тұратын миллиардтаған адам жаңа үй іздеуге мәжбүр болады.

Экологиялық коллапс

Баяндамаға сенсек, адамдар әлеуметтік және экономикалық деңгейін сақтап қалу үшін экожүйелерге арқа сүйейді. Дегенмен, экожүйелер адамзаттың ықпалына тәуелді болғандықтан, ластану көрсеткіші мен адамдар тұрып жатқан жерлердегі табиғи өзгерістер экожүйеге қауіп төндіреді. Бұл өз кезегінде адамзатқа қауіпті.

«Экожүйе бұзылатын болса, таза су дефицитке айналып, топырақтың сапасы нашарлайды. Бұл адамдардың күнделікті тіршілігінің де деңгейін анағұрлым төмендетеді», — деп жазады баяндама авторлары.

Пандемия

Медициналық жетістіктердің арқасында инфекциялық аурулардың тарауынан туатын эпидемиялар, яғни, пандемия деңгейі соңғы жүзжылдықта азайды. Дегенмен, жаңа ауру түрлері пайда болуы мүмкіндігінен, апатты пандемияя қаупі әлі де бар.

Астероид соққысы

Адамдардың планетаға бейберекет қарауы адамзатқа төніп тұрған жалғыз қауіп емес. Тіпті, динозаврлардың астероид соққысынан қырылғаны шындыққа жанасады. Ал мамандардың айтуынша, мұндай апат орташа есеппен әр 120 000 жыл сайын болып тұрады.

Сарапшылардың айтууынша, атмосферадағы астероид қалдықтары бірнеше айға Күнге сақым тигізуі мүмкін. Бұл өз кезегінде экожүйені бұзады. Бұл апатты жағдайда жүздеген миллион адам қырылуы мүмкін.

НАСА көлемі біо километрден асатын объектілердің тоқсан пайызы Жер орбитасында екенін айтқанымен, бізге 140 метрден 1 километрге дейін жететін астероидтердің тк отыз пайызы ғана белгілі.

Жанартаудың суператқылауы

Жанартаудың суператқылауы 400 км3 аумақты алады. Мұндай жағдайлар туралы деректер өте аз. Дегенмен, мамандардың айтуынша, жанартаудың суператқылауы әр 17 мың жылда болады. Оның соңғысы 26 500 жыл бұрын Жаңа Зеландия жерінде болған.

Мұндай апат адамдар мен жануарларды өлтіріп, ауылшаруашылық инфрақұрылымдарын жояды.

Күн геоинженериясы

Бұл әдіс өте өткір қылыш іспетті. Ауаға шыққан аэрозоль күн сәулесі мен жылуды ғарышқа кері қайтарады. Ғалымдар бұл әдіс арқылы жаөһандық жылынуды азайтуға тырыспақ. Бірақ егер бір қадам дұрыс жасалмаса, адамзатқа төнетін қауіп үлкен.

«Бұл жергілікті және жаһандық климатты, жаһандық экожүйе элементтерін тұрақсыздандырады. Күн геоинженериясының күрт тоқтатылуы керісінше жаһандық температураны жылдам арттыруы мүмкін. Бұл ажғдайда тірі ағзалар бейімделе алмай қалады», де пжазылған баяндамада.

Жасанды интеллект

Баяндама авторлары адам интеллектісінен де асып түсетін роботтарға ерекше алаңдаушылық білдірген. Бұл салада да кішкентай ғана қателік адамзатты технология алдында әлсіз қылуы мүмкін. Сонымен қатар жасанды интеллект қаруға айналуы мүмкін.

Ағылшын тілінен ауддарған: Алтынай ҚУАНЫШБЕК


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ