Автобус өртіне кінәлі күдікті Өзбекстаннан елге жеткізілді

0

«Ұсталған адам осы жылдың қаңтар айында Ақтөбе облысында көлік құралының өртенуіне және 52 адамның қаза табуына әкеп соқтырған техникалық ақауы бар автобусты заңсыз пайдаланған деген күдікке ілінді» — делінген хабарламада.

Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Өзбекстаннан Ордухан Мехтиевті экстрадициялады. Бүгінгі күні Мехтиев Шымкент қаласындағы тергеу изоляторында. Естеріңізге салайық, 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Самара — Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза болды, барлығы Өзбекстан азаматы.