Жұлдызнама белгісінің қайсысы отбасының қамқоры?

0

Жұлдызнама белгісінің қайсысы отбасының қамқоры?


Әр адамның отбасы құндылықтарына өзінің қарым-қатынасы бар. Көпшілік нәрсені бала кезден есейгенге дейін қалыптастырып аламыз. Алайда жақсы қарым-қатынас пен берік отбасын құра алатын, икемді жұлдызнама белгілері де бар. «Ең мықты, отбасының қамқоры» қай жұлдызнама белгісі екен?

Мерген

Мерген бәрін тастап, жақсы қарым-қатынас қалыптастыруға бар жандар. Отбасының бақыты үшін ол үш жерде жұмыс істей алады, бар болғаны жақындарының жағдайы жақсы болса болғаны. Мергеннің артықшылығы:  күте алады, келіссөзге тез келеді, жақынын әрдайым қорғап жүреді. Сүйсе, жанынан артық жақсы көріп сүйеді. Өзінің екінші жартысын әдемі сый-сыяпаттарымен еркелеткенді дұрыс көреді. Балаларына да жақсы қарап, ақша мен уақытты аямайды. Көбіне бұл белгіге айналасындағылардың көзі түседі. Мергендердің жыныстық энергиясы да әрдайым жоғары деңгейде, егер ол шын сүйсе, «сүйіктісін алдау» деген әңгіме мүлде болмайды.

Тауешкі

Тауешкі — жұлдызнама белгісіндегі қырсық та қыңыр белгі. Оны толыққанды отағасы деп айтсақ та болады. Жақын туыстары үшін бәріне дайын. Отбасы ол үшін берік қамал. Көзге шөп салу деген мәселеге жақсы қарамайды. Бала тәрбиесінде «қаталдық пен әділдікке» бас ұрады. Көпшілік адамға тауешкілер өз сезімін білдіруге жоқ болып көрінуі мүмкін, десе де бұл олай емес. Жан жары тауешкінің поэтика жақындығына, іш сезімін әдемі білдіруіне қашанда қайран қалып жүреді.

Бикеш

Бикеш өз отбасы туралы ешкімге де жаман айтқызбайды, ойлатпайды да. Жақындарын қатты жақсы көреді, ақырындап өзі тәрбиелейді де. Отбасы мінсіз болуы қажет деп есептейді. Күш-жігерді қажет жерге бағыттаса, отбасы бақытты ғұмыр кешетіні анық. Біреуді қамқорлыққа алып, күткенді, бәйек болғанды ұнатады. Бұл дене белсенділігі үшін қажетті. Үй ішіндегілерге тез бауыр басып қалады, ал көзге шөп салуды сатқындықтың ең кесапаты деп біледі. Бәрі жақсы өмір сүрсін деп қолынан келгенді жасайды. Оның отбасында әр адамның атқаратын міндеті бар және бикеш оны үнемі өзі қадағалап отырады.

Таразы

Таразылар міндетті түрде біреуді сүюі тиіс, сонда ғана оның өмірінде үйлесімділік болады. Отбасының маңызы таразы үшін жоғары. Ұрыс-керіске дайын жүріп, жақын туыстарының өмірін бақуатты қылуға талпынады. Егер таразы жан-жарын сүйсе, оның өмірі ертегіге айналары да ғажап емес. Жақын адамға кешірімді, бәрін кеше алады. Серігінің көңіл-күйін айтпай-ақ түсінетін, ұғатын жандар, ал балаларға махаббатын төге біледі, жақсы тәрбие бере алады.

Шаян

Шаян отбасынсыз өмір сүре алуы мүмкін емес. Жақын адамдары бақытты болуы үшін қолынан келгеннен аянып қалмайды. Жалғыз басты шаяндар өздерін үнемі құлазып жүргендей сезінеді. Олар үнемі эмоционалды бауырмалдылық пен жан дүниесінің үйлесімділігін іздестіріп жүреді. Бұл белгі өзін бақытсыз санағанда, сезінгенде ғана көзге шөп салуы мүмкін. Бұл адамдар өзгеге өзінің қажеттілігін түйсініп жүргендері абзал. Шаяндарға балалардың тілін табу қиынға соғады, кей кездері оларға қатал болу жетіспей жатады.

Дереккөз: ​Flytothesky.ru

Дереккөз: http://reactor.inform.kz