Үздік кітаптар көрмесі | «Айқын» газеті

0

Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында әлемнің үздік кітаптарының көрмесі өтті. 

Келген оқырмандарға тек әйгілі клас­сиктердің шығармалары ғана емес, сонымен қатар оқырмандарға Роберт Гриннің «Табыс шеберлері. Билік пен бизнес туралы диалогтар», Ричард Докинздің «Білімге құ­ма­рлық», Макс Фрайдың «Сары метал­дан жасалған кілт», Халед Хос­сейнидің «Батпырауық қуған бала» кітабы және басқа заманауи кітаптар да ұсынылды.
– Адам капиталының сапасын арт­тыру – «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты бағдарламалық мақаласында қойылған басты міндет. Қазақстанда білім орталықтары көп болуы тиіс. Онда еліміздің әрбір азаматы тек білім алып қана қоймай, олардың ең үздік көздеріне ие бола алады, – деп атап өтті Ұлттық кітапхананың көрме және мәдени бағдар­ламалар қызметінің жетекшісі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Жанар Әбдікерімова.
Ұлттық кітапхана түрлі оқу орын­дарымен ынтымақтастықты дамытып қа­на қоймай, өзіндік мәдениетін, тарихи тәжірибесі мен дәстүрлерін сақ­тау арқылы қазақ жастарының санасы мен ойлаудың жаңа моделін қалып­тастыруға ниет білдіреді.

Абылайхан ЖҰМАШ

Дереккөз: Айқын