Дамыған мемлекет басшыларының жалақылары

0

Дамыған мемлекет басшыларының жалақылары

Әлемде қаншама жоғары жалақы алатын адамдар бар?! Ал, сіз Жер шарындағы дамыған мемлекет басшылары немесе премьер-минстрлерінің қанша жалақы алатынын ойлап көрдіңіз бе? Статистикаға көз жүгіртсек, ел басшыларының жалақылары өздері басшылық жасап жатқан мемлекет экономикасына сәйкес еместігіне көз жеткіземіз.

Статистакаға қарап отырып АҚШ президентінің айлық алмайтынын көреміз. Трамп ел жетекшілігі үшін берілетін 400 мың доллардан бас тартқан алғашқы президент емес. Бұдан бұрынғы Роберт Гувер, Джон Кеннеди сынды ел президенттері де қомақты жалақыны алмаған. Ал Сингапур премьер-министрі Ли Сяньлуннің жылдық жалақысы бұдан да көп болған екен. Кішкентай ел бола тұрып соншама көп ақша төленетіндігі үшін шағымдар болғаны үшін, премьер-министрдің алатын сомасы 36 пайызға қысқартылған. Сонда  да оның жылдық жалақысы Канада, Ұлыбритания, Швейцария, Германия, Франция, Ресей және Австралия мемлекет басшыларының жалпы жалақысын қосқаннан да көп болып тұр.


Дереккөз: https://massaget.kz/