Түйенің етін жеген адамға дәрет алу шарт па?

0

Ислам ғұламаларының басым көпшілігінің тұжырымы бойынша, түйенің етін жеген адамға дәрет алу шарт емес.  Бұл — Әзіреті Әбу Бәкір, Әзіреті Омар, Әзіреті Осман және Әлидің пәтуасы. Сондай-ақ, Абдулла ибн Мәсғуд, Әбу ибн Кәъб, Абдулла ибн Аббас, Әбу Дәрда, Әбу Талха, Амир ибн Рабиъа, Әбу Үмәмә сынды  ардақты сахабалар да әлгіндей тұжырымдаған (Алла баршасынан разы болғай)[1].

Төрт мәзхаб ішінен Ханафи, Мәлики және Шафиғи мәзхабтарында да үкім осы[2].

Ал, хадистегі: «түйенің етін жеген жағдайда дәрет алыңдар»[3] дегендегі «тәуаддә’у» сөзі – ауыз бен қолды жууды білдіреді дейді кей ғалымдар. Яғни, түйенің етін жегеннен кейін ауыз шайып, қолды жуу керек деген сөз.  

Оның үстіне, аталмыш хадистің үкімінің жойылғандығын айтқандар да бар. Олай болған жағдайда, хадистегі аталмыш сөзді «дәрет алу» деп түсінсек те, онымен амал етілмейді. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым