Жалпыхалықтық диктанттың басталуына 4 күн қалды
Қазақстанда жалпыхалықтық диктант өтеді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 14 қарашасында сағат 11.00 – 11.30 аралығында республика бойынша «жалпыхалықтық диктант» өтеді.
Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын негізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру. Диктантты арнайы белгіленген орындарда және emle.kz, tilalemi.kz сайттарында, «Шалқар» және «Қазақ» радиоларында тікелей эфирде мәтін аудиосын тыңдап, жазуға болады.
Дереккөз: qamshy.kz