Нурмагомедовті содыр деп ұстап әкеткен — Спорт

0

Мәскеу әуежайларының бірінде жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовті ұстап әкеткен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Telegram желісіндегі «Плохой лейтенант» арнасы Федерал қауіпсіздік қызметіндегілерге сілтеме жасай отырып, Мәскеудегі әуежайлардың бірінде шекара қызметкерлерінің Дағыстаннан шыққан Ресейдің екі азаматын ұстағанын хабарлады. Айтуларынша, олар Түркияға ұшып кетпекші болған. Ұсталғандардың «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қатысы бар деген күдікке ілінгені айтылады. Олардың бірі Хабиб Нурмагомедов болып шықты.

Шекара қызметкерлерінің спортшының танымал екеніне қарамастан, одан және досынан жауап алғаны анықталды. Бірақ кейіннен қажетті тексерістерден кейін Нурмагомедовті жіберген. Спортшы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бұл әрекетіне наразылық білдірді.

Еске салайық, Нурмагомедов соңғы жекпе-жегін 6 қазанда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткізген еді. Ол қарсыласы МакГрегорды тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Чемпиондық жекпе-жекте ресейлік спортшы қарсыласын төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, өз атағын қорғап қалды. Дегенмен кездесу соңынан қызуқандылыққа салынғаны үшін чемпиондық белбеуді табыстау рәсімі өткен жоқ. Алайда, жекпе-жек соңынан Хабиб ирландиялық спортшының командасына қарсы шығып, жаппай төбелеске ұласты.

Нурмагомедов МакГрегормен екінші жекпе-жек өткізу үшін шарт қойды


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz