Тұяқты жануарлар | Скачать Курстық жұмыс

0

ТҰЯҚТЫ ЖАНУАРЛАР

МАЗМҰНЫ

I
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … 3
ІІ Негізгі
бөлім … … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … ..4

1.Тұяқты жануарлар – Ungulate
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
…4
1.1 Тұяқты жануарлардың
систематикасы … … … … … .. … … … … … … … … … … .5

2.Жұп тұяқтылар – Artiodactyla
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
…8
2.1Ақбөкендер туралы жалпы
мәлімет … … … … … … … … … … … … … … … … …13
3.Тақ тұяқтылар – Perissodactyla
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
21
4. Жылқы тұқымдасы – Тарпан (лат. Equus ferus ferus, Equus
gmelini)  … … … ..23

III.ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … …25
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ … … … … … … … . … … … … … ..26

КІРІСПЕ

Тұяқты жануарлар (лат. Ungulate) шөп қоректі. Тұяқ (лат. ungula) —
теріден дамыған мүйізді мүше. Тұяқты жабайы жануарлар қазiргi кезде адамның
назарын эстетикалық мақсаттар тұрғысынан да, селекциялық жұмыстар үшiн
перспективалы объектiлер ретiнде практикалық тұрғыдан да, саны көп болған
кезде — бағалы аңшылық объектiлерi (ет, тері, дәрi-дәрмектiк шикiзат)
тұрғысынан да аударады. Тұяқты жабайы жануарлардың адам үшiн осындай зор
маңызға ие бола отырып, ғасырлар бойы адамның олардың iзiн аңдығанына таң
қалуға болмайды, түрлердің бір бөлiгi құртып жіберілді, ал кейбiреулерi
жойылып кету алдында тұр.
Тұяқты жануарлар аяқ саусақтарының санына қарай бөлінуі:
1. Жұп тұяқтылар – Artiodactyla
2. Тақ тұяқтылар – Perissodactyla
 Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына тұяқты
жануарлардың 9 түрi мен түр тармағы енгізілген, олар: қаратау арқары (Ovis
ammon nigrimontana), тянь-шань арқары (Ovis ammon karelini), қазақстан
арқары (Ovis ammon соllium), қызылқұм арқары (Ovis ammon severtzovi), алтай
арқары (Ovis ammon ammon), үстiрт арқары (Ovis ammon аrkаl), қарақұйрық
(Gazella subgutturosa), тоғай кермаралы (Cervus elaphus bactrianus
baktrianus), түркмен құланы (Eguus hemionus onager).  
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Тұяқты жануарлар туралы
түсінікті жетілдіру, тұяқтыларды ажырата білу, олардың мінез-құлқымен, өмір
сүру ұзақтығы, дұшпандарынан қорғануымен танысып, оларды басқа жануарлардан
айыра білуді анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, II негізгі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Тұяқты жануарлар

Тұяқ – көптеген сүтқоректі жануарлардың аяғының башпай ұшын қоршап
тұратын мүйізденген тырнақ. Тұяқ (лат. ungula) — теріден дамыған мүйізді
мүше. Ол тақ тұяқтардың бақайындағы түяқ сүйегін қаптап түратын өте берік,
қатты қүрылым. Эпидермистен дермадан негізгі қабат және шел қабаттарынан
тұрады. Түяқ төрт бөліктен тұрады. Олар түяқ көбесі, түяқ жүлығы, түяқ
қабырғасы және түяқ табаны. Тұяқты жабайы жануарлар қазiргi кезде адамның
назарын эстетикалық мақсаттар тұрғысынан да, селекциялық жұмыстар үшiн
перспективалы объектiлер ретiнде практикалық тұрғыдан да, саны көп болған
кезде — бағалы аңшылық объектiлерi (ет, тері, дәрi-дәрмектiк шикiзат)
тұрғысынан да аударады. Тұяқты жабайы жануарлардың адам үшiн осындай зор
маңызға ие бола отырып, ғасырлар бойы адамның олардың iзiн аңдығанына таң
қалуға болмайды, түрлердің бір бөлiгi құртып жіберілді, ал кейбiреулерi
жойылып кету алдында тұр. Тұяқты жануарлар аяқ саусақтарының қарай жұп
тұяқтылар және тақ тұяқтылар болып бөлінеді. [11]

Классификациясы:
• Күйіс қайырмайтын отряд тармағы (Nonruminantia) 
• Шошқа тұқымдасы (Suidae)
• Пекари тұқымдасы (Tayassuidae)
•  Бегемот тұқымдасы (Hippopotamidae)
• Мозоленогие,сіртабандылар  (Tylopoda)
• Түйе тұқымдасы (Camelidae)
• Күйіс қайыратын отряд тармағы(Ruminantia)
• Керік тұқымдасы(Giraffidae)
• Құлан тұқымдасы (Moschidae)
• Бұғы тұқымдасы(Tragulidae)
• Қуысмүйізділер тұқымдасы (Bovidae)

1.1 Тұяқты жануарлар систематикасы
Тұяқты жануарлардың қорегі. Тұяқты жануарлар – шөп қоректі. Олардың
барлығы дерлік шөпті жайылып жүріп жейді. Шөпке жайылатын жануарларға
жылқы, ешкілер, жылқылар, буффалолар, бұғылар, т.б. жатады. Жануарлар
жейтін өсімдіктерде қорытылмайтын өзек болады. Өзек – өсімдіктің жасуша
қабырғасының басты бөлігі. Өзек бактериялардың көмегімен ашып, асқазан
қорыта алатын көміртекке айналады. Күйіс қайыратын жануарлар жеген жем
олардың құлқынына баяу өтеді. Мұндай үдеріс жеген азықтың тиімділігін
арттыра түседі. [8]
Тұяқты жануарлардың мекені. Тұяқты жануарлардың басым бөлігі ашық
дала мен саваналарды мекендейді. Жазық және өзендер, оның ішінде мекендеу
орындарына кең ауқымын, мекендейді.Тұяқты жануарлардың ең жиі кездесетін
өкілдерінің бірі – бұғы бүкіл жер жүзіне тарап, сазды жерден шөлейтке
дейінгі түрлі белдеулерде кездеседі. Тұяқты жануарлардың тағы бір өкілі –
түйе. Түйе ыстық шөлдерді мекен етеді. Түйелер шөлде тіршілік етіге
бейімделген. Қалың жүні оны күн сәулесінен қорғайды. Қазір дүниежүзінде
шамамен 19 млн түйе бар. Олардың 90 дара өркешті түйелер.[2]

Тұяқты жануарлардың төлдеуі. Тұяқты жнуарлардың барлығы –
сүтқоректілер және төлін тірідей туады.
Тұяқты жануарлардың көбі жылдың белгілі бір мезгілінде төлдейді.
Бірақ жыл бойы төлдей беретін жануарлар да болады. Күйлеу және шағылысу
науқанынан кейін аналық буаз болады. Буаздық мерзімнің ұзақтығы жануардың
түріне байланысты. Кейбірі – 4-5 апта, кейбірі бір жылдан астам уақыт буаз
болып жүреді. Жануарлар жаңа туған төлін емізіп, сүт береді. Төл өзін-өзі
қорғайтын дәрежеге жеткенше анасының қамқорлығында болады.
Тұяқты жануарлардың мінез-құлқы. Тұяқты жануарлардың барлығына бірдей
тән мінез—құлықтары бар. Олар әртүрлі түр тармаққа жататын жануарлардың тек
өзіне ғана тән мінез ерекшеліктері де болады.
Тұяқты жануарлар топталып тіршілік еткенді дұрыс көреді. Топ екі-үш
бастан тұратын шағын да, бірнеше жүз бастан тұратын үлкен де болуы мүмкін.
Топталып жүретіндіктен оларды қоғамшыл жануарлар деп атауға
болады.
Қазіргі кезде тұяқты жабайы жануарлардың кейбірлері жойылып кету
алдында тұр.
Мысалы, Гиппопотамдар (бегемоттар) түнде белсенді тіршілік етеді.
Олар күндіз ұйықтап, түнде су жағасында шөпке жайылады.
• Тау дукері өзінің жерін тұяғында орналасқан иіс безімен немесе
қиымен белгілеп қояды да, оған өзге жануард жолатпайды.
• Киік күндіз де, түнде де сергек жүріп, уақытының 50-60% -ын
шөпке жайылумен өткізеді.

Тұяқты жануарлардың дұшпаннан қорғануы. Көптеген жұп тұяқты
жануарлар мен тақ тұяқты жануарлардың кейбірінде мүйіз болады. Олар
мүйізімен дұшпанынан айбат шегітіп қорқытады, одан қайтпағандарды сүзіп
алады. Табиғат оларды, сондай-ақ сойдақ тіспен, көз ілеспес жылдамдықпен
және үлкен денемен қамтамасыз еткен. Тұяқты жануарлардың бір емес, бірнеше
қауіпсіздік құралы бар. Мүйізін қорғану үшін қорғану үшін қолданылатын
жануарлардың қатарына сиыр, ешкі, киік, бұғы жатады. Мәселен, Тау зебра бір-
бірін қорғау үшін және дұшпанға бірлесіп тойтарыс беру үшін үйір құрап,
топталып жүреді. Олар өздеріне тиіскен жауды теуіп, тістелеп тастайды.

Тұяқты жануарлардың тіршілік ету ұзақтығы. Тұяқты жануарлардың ең
үлкен тобын сүтқоректілер құрайды. Олардың ішінде жылқылар, сиырлар,
есектер, зебралар, киіктер т.б. көптеген жануарлар бар. Әдетте, жануардың
тіршілік ету ұзақтығы оның көлеміне байланысты. Мәселен, сиырлар қойлардан
ұзағырақ жасайды. Меринос тәрізді асыл тұқымды қойлар 10-14 жыл тіршілік
етеді. Қазіргі заманғы үй жылқылары 25 – 30 жыл, бірақ жақсы күтім көрген
кей жылқылар 40 жылға дейін тіршілік етеді.
XIX ғасырда бір жылқы 62 жыл жасаған. Ол рекордтар кітабына Билли
кария деген атпен енді. Екі жас пен үш жас аралығындағы малын – құнан,
төрт жастағыны – дөнен, бес жастағыны – бесті дейді.
Жануарларды қолға үйрету. Үй жануарларын адамдар жеммен, сумен
қамтамасыз етеді. Жылы ұара-қопсы салып, жауын-шашыннан қорғайды. Үй
жануарларына ірі қара, жылқы, қой жатады.
Жануарлардың дене тұрқы. Жылқы бойының ұзындығы мойыны аяқталып,
арқасы басталатын жердің ең биік нүктесіне дейін өлшенеді. [3]

2. Жұп тұяқтылар — Artiodactyla

Жұп тұяқтылар (лат. Artiodactyla) – сүтқоректілер класының бір
отряды. Бұлардың қазба қалдықтары эоцен дәуірінен сақталған. Арғы тегі
ежелгі тұяқтылар – кондилартрлар деп есептелінеді. Жұптұяқтылар Жер шарында
кең таралған. Австралия мен Жаңа Зеландияда да жерсіндірілген. Бұлар
негізінен ашық алаңқайларды мекендейді. Жұп тұяқтылар — жер бетінде өсімдік
тектес заттармен қоректеніп, тез жүгіретін жануарлар. Тек бегемоттар ғана
жар-тылай суда тіршілік етеді. Осыған байланысты олардың аяғы ұзын және ең
соңғы саусағында тұяғы болады. Үшінші және төртінші саусактары бірдей
жетілген, осы екі саусақтың орта-сынан аяқтарының тірегі өтеді. Екінші және
бесінші саусақта-ры өте нашар жетілген, немесе болмайды. Бұғаналары да же-
тілмеген. Жұп тұяқтылар екі отряд тармағына бөлінеді. [5]

Кейбір жұптұяқтылардың алдыңғы оң сирағының сүйектері. Солдан оң жаққа
қарай: доңыз (Жабайы шошқа), марал (Cervus elaphus), түйе (Camelus
bactrianus).

Жұп тұяқтылардың 9 тұқымдасы, 85 туысқа кіретін 200-деі түрі белгілі.
Жұптұяқты сүтқоректілер қоректену тәсіліне қарай екі топқа бөлінеді: күйіс
қайырмайтын және күйіс қайыратын жануарлар.

1 отряд тармағы – күйіс қайырмайтындар (Monruminantia)
Бұл отряд тармағына — бегемоттар және шошқалар жатады. Бұлардың
екінші және бесінші саусақтары жақсырақ жетілген. Шошақ тістері үлкен
болады. Азу тістерінің үсті бұдырлы, тамағын әбден шайнап жұтуға мүмкіндік
береді. Қарны қарапайым, сондықтан күйіс қайырмайды.
Біздің оңтүстік облыстарда жабайы шошқаның – қабан (Sus scrofa) деген
бір-ақ түрі тараған. Сол жабайы шошқадан осы кезде қолда өсірілетін үй
шошқаларының көптеген түрлері шыққан. Бұлар қамысты, тоғайлы жерлерді
мекендейді.

Көбеюі. Жылына бір-ақ рет көбейеді де, туғанда 4-6 торай туады.
Қолдан сұрыптау арқылы үй шошқаларын жақсартудың нәтижесінде, жабайы тегіне
қарағанда өсімтал түрлері шығарылған. Осыған байланысты олардың
емшектерінің де саны көбейген. Оңтүстік Азияда, Африкада және Америкада
жабайы шошқаның басқа түрлері кездеседі.
Қоректенуі. Бұлардың ішінде доңыз тамақ талғамайды, қалғандары тек
өсімдікпен қоректенеді. Жұптұяқты сүтқоректілер қоректену тәсіліне қарай
екі топқа бөлінеді: күйіс қайырмайтын және күйіс қайыратын жануарлар.

Күйіс қайырмайтын жұптұяқты сүтқоректілерге доңыздар мен бегемоттарды
жатқызады. Бұлардың иттістері ұзын және азу тістері бұдырлы болып, қорегін
толық шайнап жұтады.Қарыны қарапайым құрылысты болғандықтан, жұтқан асы
ауызға қайта барып шайналмайды. Шайнаған асы тікелей жұтылып , қарында
қорытылатын жануарлар күйіс қайырмайтын жұптұяқтылар деп аталады.

Бегемот (Hippopotamus amphibius) – ірі, жалаңаш терілі, жартылай суда
тіршілік ететін жануар. Олар құрлыққа өте сирек шығады да өзендер мен
көлдерде болады. Су өсімдіктері мен қоректенеді. Бегемоттар троптік
Африкада тараған. [2]

2-отряд тармағы — Күйіс қайытарушылар (Ruminantia)

Бұл отряд тармағына қарынының құрылысы күрделі жануарлар жатады.
Бұлардың қарыны шала шайналған жемінің ашуына және олардың күйіс қайырғанда
қайтадан дұрыс ұсатылып, жұтылуына бейімделген. Бұған жұп тұяқтылардың
басым көпшілігі жатады. көпшілігінің мүйізі болатын жануарлар. Күйіс
қайыратын жұптұяқты сүтқоректілердің аяқтары сида, ұзын болғандықтан ,
шапшаң жүгіре алады. Бұлардың қарны күрделі үш төрт бөліктен құралып, жеген
қорегін қарыннан ауызға лоқсытып,екінші рет шайнағаннан соң ғана қайтадан
жұтады. Күйіс қайыратын сүтқоректілердің көпшілігінде мүйіз болады, ол
иттістері нашар дамиды немесе мүлде болмайды. Бұлан, бұғы, киік,
жираф,күдір, арқар сияқты 180-ге тарта сүтқоректілер күйіс қайыратын
жұптұяқты жануарлар болып табылады. Бұлар туа салысымен енесінің соңына
ілесе алатын сергек 1-2 төл туады. Күйіс қайыртарушылар шошак, тістері мен
II және V саусақтары нашар жетілген немесе кейбір түрлерінде тіпті
болмайды. Сымбатты, көпшілігінің мүйізі болатын жануарлар. Шайнап жұтылған
қоректі қарыннан қайта ауызға лоқсып, екінші рет шайнағаннан кейін ғана
толық жұтатын жануарлар күйіс қайыратын жұптұяқтылар деп аталады. [1]

Көн табандылар (Туlороdіа) тұқымдасына түйелер, ламалар жатады.
Бұлардың II және V саусақтары болмайды, тұяғы өте нашар дамыған. II және IV
саусақтары келіп тірелетін, көпшік сияқты көнді жалпақ табанына денесінің
салмағын салып, қозғалады. Бұларда қарыны басқа күйіс қайыратын-дармен
салыстырғанда күрделі емөс. Тіс формуласы:

Осы кезде Орталық Азияның даласында жабайы түйенің бір түрі — қос
өркешті (Саmеlиs Ъасігіаnus) түйе сақталған. Бір өркешті түйенің — нардың
(С. dгоmеdагius) тек қана қолға үй-ретілген бір түрі белгілі, ал жабайы
түрі белгісіз. Нар көбінесе — Африкада және Оңтүстік Азияда кездеседі.
Түйелерде май қоры өркешіне жиналады. Мұндай май өз тарапынан артық су қоры
болып есептеледі. Өйткені, ол тотыққан кезде су пайда болып, ол қанға
барады. Сондықтан өркешінде майы көп түйе-лер шөлге шыдамды келеді.
Американың көн табандарының өркеші болмайды. Олар таулы жерді мекендейді,
мысалы, гуанако (Lаmа һиапасһиs) және викунья (L. vісиgпа). Бұлардың қолға
үйретілген екі түрі белгілі: лама және альпака. Бұларды да түйе сияқты
көлік есе-бінде және жүні, еті үшін ұстайды.
Бұғы тұқымдасына (Сегуісіае) дене құрылысы сұлу, тұяқты, терінің кутис
бөлімінен өсетін, бұтақты сүйекті, жыл сайын ауысып түсіп тұратын мүйізі
бар жануарлар жатады.
Солтүстік бұғыларынан (Rапgifег tагапсlus) басқаларында мүйіз тек
қана еркектерінде болады. Тіс формуласы:

Тропиктік Африка мен Австралиядан басқа құрлықтың бар-лығына дерлік
тараған. Бізде бұлардың 7 түрі кездеседі: Сол-түстік бұғысыньщ (Rапgіfег
tагапdиs) еркегінде және ұрғашы-сында да мүйіз болады. Жас бұғылар теңбіл
болмайды. Евра-зияның және Солтүстік Американың орманды далаларының
көпшілігіне және тундраның барлық жеріне тараған. Бұғылар-ды қолда үйрету
негізінен тундрада іске асырылған. Ақ марал немесе марал (Сегvиs еlарһиs)
Батыс Европада, Қырымда, Кавказда, Тянь-Шаньда, Оңтүстік Сибирьдің
тауларына тара-ған Олар орманды жерлерді мекендейді.
Теңбіл марал (Сегvиs һогtulогиm) өмір бойы теңбіл түсті болады. Олар
Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігіндегі ормандар-да мекендейді. Бүл соңғы екі
маралдың өсіп жетілмеген жас мүйіздерінен (панто) пантокрин деп аталатын
бағалы дәрі жа-салады. Бұғылардың ең ірі түрі — булан немесе суын (Аlсеs
аlсеs) Европаның, Сибирьдің және Оңтүстік Американың ор-манды бөліктеріне
тараған. Басқа бұғылардан бір айырмашы-лығы бұлар табын құрамайды. Қыста
жапырақты ағаштардың бұтағымен қоректенеді. Бізде бұландарды қолға үйрету
тәжірибесі іске асуда. Елік (Саргеоllиs саргеоlиs) — мүйізі азғана
бұтақталған, бұғының ең ұсақ түрі болып есептеледі. Бұлар Европаның және
Оңтүстік Сибирьдің орманды және орманды-да-лалы зоналарында, Қырымда,
Кавказда, Орта Азияның тауларында кездеседі. Бұлардың бұғылардан ерекше бір
түрі—құдыр (Мозсһиs тоsсһіfегиs) болып есептеледі. Оның мүйізі жоқ, ал
еркектерінің жоғарғы жағындағы шошақ тістері жақсы жетілген, кейде сойдиып
ауызынан шығып тұрады. Олар Шуғыс Сибирьдің таулы ормандарын мекендейді.
Бұғылардың барлығының да өнеркәсіптік маңызы зор. Олардың еті және
терісі пайдаланылады. Парфюмерия өндірісінде лайдаланылатын жануар
мускусының негізгі көзі — құдыр мус-кус безі болып саналады. Солтүстік
бұғылары қолға үйретіліп, көлік есебінде пайдаланылады. Олардың терісі
замшы (жеділ өндірісте) жасауға қажет материал және шикі зат болып
саналады. Медицинада маралдардың пантасын пайдаланады.
Қуыс мүйізділер тұқымдасы (Саvісогпіа). Бұлардың маңдай сүйегі
өсіндісінің сыртын қаптап тұратын қуыс мүйізі болады. Мүйізі эпидермистің
малыгагий қабатынан пайда болған, ол бұтақтанбайды және жасына қарай ауысып
отырады. Тек қана Американың айыр мүйізді бөкенінің (Апtilсарга) мүйізі екі
айыр болады да жыл сайын түлеп отырады. Мүйіз басым көпшілігінде
еркектерінде ғана болады. Жоғарғы жағында шошақ тісі болмайды. Тіс
формуласы:

Бұлардың жабайы түрі Оңтүстік Америка мен Австралия-дан басқа барлық
жерде кездеседі. Көптеген түрлері қолда өсіріліп, олардан үй жануарларының
көптеген жаңа түрлері шығарылады. Бұл тұқымдастың негізгі жабайы түрлері
мыналар.
Бөкендердің көптеген түрлері Африкада тараған. Көбінесе бізде
кездесетін қарақұйрық (Gаzеllа sиЬgиttигоsа)—Закав-казьенің шығысында, Орта
Азияның және Қазақстанның далалы және шөлді жерлерінде мекендейді. Ақ
бөкен (Sаіgа tatгіеа)—Қазақстанның далалы жерлерінде тараған Кавказ бен
Карпат тауларында мүйізінің ұшы ілмек тәрізді артына қайрылған мүйізі бар
орман бөкені — серна (Кирісарга гирісарга) тіршілік етеді.
Жабайы ешкілер мен қойлардың бірнеше түрі Кавказдың, Орта Азияның
және Оңтүстік Сибирьдің тауларына таралған. Мысалы, ешкілерден — Кавказдың
турлары (Сарга саиеаsіса, С. суіішігісогшз), Сибирьдің ешкімүйізі (Сарга
sіЬігіса). Жа-байы ешкілер жартасты биік тауларды мекендейді және олар
20—30-ы бірігіп, топтанып жайылады. Жабайы қойлардан муфлонды алуға болады.
Муфлон (Оvіs орһіоп) Оңтүстік Закавказьеде кездеседі. Соңғы жылдары олар
Қырым түбегіне жерсіндірілді. Орта Азиянын, тауларында жабайы қой — архар
деген ірі түрі кездеседі. Жабайы қойлардың жабайы ешкілерден бір ерекшелігі
— таудың жартассыз, барынша тегіс жеріне
жайылады. Қыста бірнешеуі (100 аса) бірігіп, топтанып жүреді. Архардан үй
қойларыньщ әр түрлі жаңа тұқымдары шығарылған.
Жабайы өгіздердің қазіргі түрлеріне Оңтүстік Азия мен Африкада
кездесетін Азиялык, (ВиЬаІиs ЬиЪаІus) және Африкалық (В. саffег) буйволдар,
Үндістанда — бантенг (ВіЬоs Ъапtеng), гаял (В. frontаlіs) және гаур (В.
gаигиs) жатады. Бұлар орманды және ірі бұталы жерлерді мекендейді. Орталық
Азияда өзіндік ерекшелігі бар жүндес як (қодас) (Роерһаgиs gгunпіепs),
Солтүстік Америкада — бизон (Віsоп Ьіsоп), ал бізде зубр деген бір ғана
түрі кездеседі. Бұларды бұрын зубрлар мекендеген Солтүстік Кавказдық
ормандарында, Москваның түбінде (Серпухов ауданында) табиғат жағдайында
көбейту шаралары жүргізіліп жатыр.
Ертеде Оңтүстік Россияның даласында ірі түрі — тур (Воs ргіmigепlus)
тіршілік еткен. Оны XVII ғасырда құртып жіберген.
Жоғарыда көрсетілген түрлерден — бантенг, гаял, буйвол, қодас ертеден қолда
өсіріліп келе жатқан жануарлар. Тур — осы замандағы көптеген мүйізді ірі
қараның арғы ата-тегі болып саналады.
Жирафтар тұқымдасы (Gігаffidае) тек қана Африкаға тән жануар. Олардың
алдыңғы аяғы мен мойыны өте ұзын, басында терімен қапталған қысқа мүйізі
болады. Екі түрі бел-гілі. Бірінші — окапи (Оkрtа jоһпstопі) — Орталық
Африканың ормандарында тіршілік етеді. Бұл аздап та болса мойыны мен аяғы
қысқарақ жануар. Екінші — жираф (Sігаffа саmеlеораг(dаlіз) — Шығыс және
Орталык Африканың саванналарында кездеседі. Мойны мен алдыңғы аяғы өте ұзын
болады. Екеуі де ағаштардың, бұталардың жапырақтарымен, кейде шөппен
қоректенеді. [1]

2.1 Ақбөкендер туралы мәлімет

Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) жұптұяқтылар отрядының бөкендер туы сына
жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз
жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан
Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ
даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-
бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық
деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 –
49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай
болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі
қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш
тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық
аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына,
Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет
төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн
салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы Құралайдың
салқыны деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер
өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы –
қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл
жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді
еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы
бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 – 58
ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға
рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп,
одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына
шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады. [4]

Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам
бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін
кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез
бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама
зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды.
Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады.
Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі
мамонттармен бірге құрып кетер еді.
Ақбөкеннің мүйізі. Мамырдың бірінші жұлдызынан маусымның ортасына дейін
ақбөкендер төлдейтін аудандарда шаруашылық жұмыстарын жүргізбей, қасқыр мен
бұралқы иттердің санын азайтуды естен шығармау керек. Газ, мұнай, су
құбырларын тартқанда қазылған арықтарды қайта көміп немесе киіктер жүретін
және су ішетін орындар қалдыру әр уақытта есте болатын жайт. 1982-92
жылдары. Қазақстанда 1, 4 млн. ақбөкен ұсталып,одан 19,5 мың тонна ет, 165
тонна шипалық мүйіз дайындалды. Ақбөкендердің мүйізінен пантокрин емдік
дәрісі алынады. Пантокрин (Pantocrіnum; панты – сыртын жұмсақ барқыт
тәрізді тері жапқан жас мүйіз және грек. krіno – бөлемін) – марал, Шығыс
Сібір бұғысы мен теңбіл бұғының қатаймаған мүйізінен дайындалатын спирт
қосылған сұйықтық. 
Пантокрин дәрісі. Пантокрин бальзамы
рН 5,4 – 5,8 болады. Өндірісте пантокриннің 1 – 2 мл-лік егуге арналған
ампуладағы ерітіндісі, қатты түрдегі таблеткасы өндіріледі. Оны медицинада
невроз, неврастения, белсіздік, шаршау, жұқпалы аурулардан кейін әлсіздік
пайда болғанда қолданады. Олардың тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді
денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін де
пайдаланады. Пантокриннің емдік қасиеттері: Медицинада жоғарғы тыныс
жолдарының қабынуына қарсы, қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданады. Оның
несеп жүргізетін, өт айдайтын, тамаққа тәбетті қоздыратын және басқа да
қасиеттері бар. Киікотыдан жасалған тұнбаны асқазанның қышқылы кемігенде
және қан тоқтататын, жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде, ішектің
жұмысы нашарлағанда, асқазанның тұсы түйнеп ауырғанда, жалпы дененің қуаты
кеміп, күші азайғанда қолданады. Киікотымен бауыр ауруларын да емдейді. Бас
жиі ауыратын жағдайда оның тұнбасымен басты жуған да пайдалы. Дене
сыртындағы әр түрлі жарақаттарды, бөріткенді де емдеуге болады. Жүкті
әйелдерді емдеу үшін киікотын қолдануға болмайды, себебі бұл өсімдік ондай
әйелдердің ағзасына қолайсыз әсер етеді. Киікотының спиртті тұнбасына
мақтаны батырып алып тіске қойса, ауырғаны лезде басылады. Күйе түспес үшін
киікотын ұнтақтап киімдерге сеуіп қоюға да болады. Халық арасында жоғарғы
тыныс жолдары қабынғанда киікотын тер шығаратын дәрі ретінде кеңінен
қолданады. Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 15 грамм ұнтақталған
өсімдікті 1 стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, 1
қасықтан күніне 3 рет ішеді. Спиртті тұнба: 20 грамм ұнтақталған өсімдікті
100 мл спиртке қосып 8-10 күн тұндырады да, 20 тамшыдан 3 рет ішеді. Егер
мынандай қоспалар жасаса дәрінің тиімділігі арта түседі: киікоты шөбінің 1
бөлігін, өгейшөптің 2 бөлігін, дәрілік жалбызтікеннің 2 бөлігін алып
араластырады, осы қоспаның 4 шай қасығын 2 стакан қайнап тұрған суға салып
20 минут тұндырады. Оны жарты стаканнан күніне үш рет ішеді.[11]
Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам
бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін
кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез
бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама
зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды.
Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады.
Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі
мамонттармен бірге құрып кетер еді.
Ақбөкендердің … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz