Полицейлер «оқушы-әріптестерін» жаңа жыл мерекесімен құттықтады

0

Кадеттердің Жаңа жыл мерекесі облыс орталығындағы №18 Б. Жолбарысұлы атындағы мектеп-лицейінде болды.

«Алматы облысы Полиция департаментінің басшылығы Талдықорған қаласындағы кадет сыныбының тәлім алушыларын Жаңа жыл мерекелерімен құттықтап, бағалы сыйлықтарын табыс етті»,- деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Кадеттердің Жаңа жыл мерекесі облыс орталығындағы №18 Б. Жолбарысұлы атындағы мектеп-лицейінде болды. Іс-шараға Талдықорған қаласындағы №14 мектеп-гимназиясының және №18 Б. Жолбарысұлы атындағы мектеп-лицейлерінің кадеттері, олардың ата-аналары, ұстаздары, сондай-ай облыстық Полиция департаментінің басшылары қатысты. Тәртіп сақшылары «оқушы-әріптестерін» жаңа жылдарымен құттықтап, полиция генерал-майоры М.Ж. Ұрұмхановтың атынан балаларға сыйлықтар мен тәттілер таратты. Мерекелік іс-шара соңында кадеттер ән мен күйден шашу шашып, алғыстарын білдірді.

«Жас полиция» жобасы барысында ашылған кадеттер сыныбы жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Тәртіп сақшыларымен бірге әрдайым іс-шаралар өткізіп, өзге оқушыларға үлгі көрсетуде. ҚР Ішкі істер министрі биыл біздің оқушыларды қабылдап, кадет қозғалысына оң пікірін білдірді және тәлім алушылардың дағдысы мен дайындығына өте жоғары баға берді»,- деп атап өтті полиция өкілдері.

Айта кетейік, Алматы облысында негізі қаланған «Жас полиция» кадет қозғалысы сұранысқа сәйкес даму үстінде. Қазіргі таңда төрт жалпы білім беретін мектепте 5 кадет сыныбы жұмыс жасайды. Пилоттық жоба ретінде алғашқы кадет сыныбы былтыр Іле ауданы Өтеген батыр кентінің №7 орта мектебінде ашылды. Полициялық бағытты ұстанған алғашқы кадет сыныбын ашу идеясын, кейіннен «Жас полиция» жобасын одан әрі дамытуға облыс басшысы Амандық Баталов қолдау көрсетті.

«Дене бітімінің дұрыс қалыптасуымен қатар, еліміздің шынайы патриоты болуына ықпал ететін сыныпқа қазіргі таңда ата—аналар тарапынан сұраныс артып келеді. осыған орай, облысымыздың басқа аудандарында да кадет сыныптарын ашу жоспарымызда бар. Ең алдымен, Үшарал және Қапшағай қалаларында ашылуы мүмкін»,- деп атап өтті тәртіп сақшылары.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/