Балқаш көліне көлігімен батып кеткен ер азаматтың мүрдесі табылды

0

2018 жылғы 25 желтоқсан 12:29 215

Балқаш көліне көлігімен батып кеткен ер азаматтың мүрдесі табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат — Алматы облысында Балқаш көліне Ваз-2106 автокөлігімен батып кеткен 1964 жылғы ер азаматтың мүрдесі табылды. Оқиға 20 желтоқсан күні  Қаратал ауданына қарасты  Қарақұм ауылы маңында балық аулау кезінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келесі күні таңертең Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен балықшыны іздеу басталды. Іздеуге барлығы төрт құтқарушы және үш полиция қызметкері жұмылдырылды. 23 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 12:00-де Балқаш көлінде балықшының денесі табылып, судан шығарылды. Оның қауіпсіздік ережелерін ескермеуі қайғылы жағдайға алып келді. Автокөліктің мұздың үстімен жүріп өту үшін, оның қалыңдығы 30 см кем болмауы керек. Аталған оқиғада мұздың қалыңдығы 25-27 см болған. Сонымен қатар көліктегі адамның құтқару жилеті болмаған»,- деп мәлімдеді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Аталған ведомство өкілдері келеңсіз оқиғалардан сақтану үшін, мұзда абай болу керектігін және  міндетті кеңестерді қатаң орындау қажет екенін ескертеді.  Мәселен,  бір адам үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 10 см кем болмауы керек. Ал өткелдерден өту үшін мұздың қалыңдығы 15 см  жоғары, автокөлікпен өту үшін мұздың қалыңдығы 30 см кем болмауы тиіс. Мамандардың айтуынша,  мұздың беріктігін былай байқап білуге болады.  Көк түсті мұз берік болады, ақ түсті мұздың  беріктігі 2 есе төмен, ал күңгірт ақ немесе сарғыштау мұз  қауіпті болып саналады.

 

Балқаш көліне көлігімен батып кеткен ер азаматтың мүрдесі табылды  

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz