Қазақстанда 518 адам радикалды райынан қайтты

0

Астана. 25 желтоқсан. KAZISLAM – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жүргізген діни ағарту, дəстүрлі емес діни жолда жүрген азаматтарға түсіндіру іс-шаралары нәтижесінде 500-ден аса адам радикалды райынан қайтқан.

Уағыз-насихат саласында атқарылған жұмыстардың есебі бойынша, биыл радикалды бағыттан қайтқан адамдар саны – 518. Дəстүрлі дінге оралған азаматтардың бірқатары діни көзқарастары мен ұстанымдарын ресми түрде мəлімдеген.

Жат ағымның жетегінде жүрген жандарды деструктивті ағымды насихаттаушы азаматтардың салт-дәстүрге, əдет-ғұрыпқа, мемлекеттік рəміздерге қайшы көзқарас қалыптастыратын сөздері қанағаттандырмаған.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған республикалық, жергілікті ақпараттық-насихат тобы жыл бойы жоспарлы жұмыс негізінде түсіндіру шараларын жүзеге асырды. 2018 жылы 347 адамнан құралған республикалық, жергілікті ақпараттық-насихат тобы 7 294 рет жалпы жəне жеке кездесу өткізді. Оған барлығы 646 056 адам қатысқан.








Дереккөз: http://kazislam.kz/