Денис Теннің өліміне қатысты сот басталды
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Денис Теннің өлімі бойынша сот отырысы басталды.
Сот алдында үш адам жауап беруде. Олар:
Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 2-тармағы («Ұрлық») бойынша, 192-баптың 2-бөлігі 1,4-тармақтары («Қарақшылық») бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары («Адам өлтiру») бойынша айыпталып жатыр.
Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары («Ұрлық») бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары («Адам өлтiру») бойынша айыпталып жатыр.
Жанар Толыбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағы («Ұрлық») бойынша және 434-бап бойынша («Қылмыс туралы хабарламау») айыпталып жатыр. Еске салсақ, Денис Тен биыл 19 шілдеде Алматы қаласында пышақ жарақатынан көз жұмған болатын.