«Жекпе-жектер үшін ақшасы үлкен еді». Елеусінов кәсіпқой рингке ауысу сәтсіздігі туралы

0
Қазақстандық кәсіпқой Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) Sports nation бағдарламасына берген сұхбатында 2016 жылғы Олимпиададан кейін кәсіпқой боксқа неге ауыса алмағанын айтып берді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, 2017 жылы Елеусінов аустралиялық MJA Entertainment’s компаниясымен келісім жасап, кәсіпқой карьерасын Қытайда бастау керек болатын. Алайда кейін бұл келісім тоқтатылды.

«Менеджерлерім болып келетін жігіттер ұсынды. Келесімшарт өте жақсы еді, материалдық жағынан ұтымды. Жекпе-жектер үшін ақшасы үлкен еді. Олимпиададан кейін мұндай келесемшарт жасасу тамаша болатын. Аустралиялық компания, онда ақша жоқ, оны ешкім де білмейді дегендер болды. Инвесторлар қытайлар болған сияқты. Бірақ соңғы сәтте олар жұмыс істеуден бас тартқан. Компанияның өзінде де ақша болмады-ау деймін. Осыдан кейін келісімшартты да тоқтату қажет болды», — дейді боксшы. 

MJA Entertainment’s компаниясымен келісімшартын үзген соң бір жыл өте Елеусінов британиялық промоутер Эдди Хирнмен жұмыс істейтіні белгілі болды.

«Эди Хирнмен жұмыс істесіп жатқаныма өте ризамын. Бұл жігіттер маған жақсы келісімшарт тауып бергеніне қуаныштымын. Ол өз ісінің кәсіпқойы, көрініп тұр. Ай сайын бір жерде бокс кешін өткізеді. Жұмыс кестесі сұмдық», — дейді Елеусінов. 

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/