Екі кәсіпкер 13 жастағы қызды зорлаған

0
Екі кәсіпкер 13 жастағы қызды зорлаған


Ферғана облысы Бешарык ауданының соты автокөлік жуатын орында кәмелет жасқа толмаған қызды зорлау оқиғасына қатысыт қылмыстық істі қарады. Жергілікті екі кәсіпкер 13 жастағы қызды зорлаған деп айыпталды.

Бешарык аудандық соты хатшысының хабарлауынша, сотта куәгерлер тыңдалып, сот сараптамасының нәтижесі қаралған. Сараптама қызды бірнеше адам зорлағанын анықтаған.

Айыптау қорытындысында 13-жастағы Д.И. 10 мамыр күні түнде зорланған делінген.

«Қыздың денесінде көгерген іздер жоқ. Сот барысында қыздың өз еркімен төсекке жатқаны анықталды. Жігіттер қызға бес мың сумнан (бір доллардан аз) берген», — деді сот хатшысы.

Дегенмен жәбірленушінің адвокаты қызды алдаған дегенді алға тартып отыр.

Соттың кезекті отырысы келесі аптада өтеді. Сот жабық өтіп жатыр.

Дереккөз: Сentralasian.org