Дина Қожасаева «Мәскеудің жас аруы 2018» атанды — Мәнер

0

15 жастағы қазақ қызы Дина Қожасаева «Мәскеудің жас аруы 2018» атанды. Бұл туралы оның анасы Линда Қожасаева мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«Мәскеудің жас аруы» — ең басты жүлделі орындардың бірі, ол «Ресей сұлуы» байқауына автомат түрде қатысуға мүмкіндік береді. 

Мұның алдында, қазақ қызы Дина Қожасаева «Мәскеу аруы-2018» байқауының ақтық сынына өтті деп хабарланған. Оның бойы: 175. Параметрі: 82-60-90.

Динаның әкесі — бизнесмен, Ақтөбеде туған және Қазақстан азаматы, ал Мәскеуге көп жыл бұрын көшіп кеткен. Анасы — зергерлік бұйымдар жасайтын дизайнер және заңгер, Мәскеуде туған. 14 жастағы қыздың анасы жағынан атасы орыс, ал әжесі — қазақ. Сондай-ақ, Динаның сіңлісі бар.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz