2018 жылдың басты ғылыми жетістіктері аталды

0

2018 жылғы 23 желтоқсан 15:39 333

2018 жылдың басты ғылыми жетістіктері аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Science журналы 2018 жылдың ғылыми серпілісі атағына үміткер ғылыми жетістіктер тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғылыми жетістіктер қатарында Гренландияда астероидтың құлауынан пайда болған кратердің табылуы бар. Бұл кратердің үлкендігі соншалық, оның аумағына Вашингтон қаласы, Колумбия округі сыйып кетер еді. Кратердің диаметрі 31 шақырым. Ол ғаламшардағы 25 алып кратердің қатарына кіреді. Ғалымдар соқтығыстың қашан болғанын әзірге анықтай алмай отыр. Олардың бағалауы бойынша, кратер 11,7 мың — 2,6 миллион жыл бұрын аралықта пайда болуы мүмкін.

50 мың жыл бұрын өмір сүрген әйелдің ДНҚ-сы анықталды. ДНҚ арқылы жойылып кеткен ежелгі адамдардың екі тобының арасындағы байланыс дәлелденген. 2012 жылы Сібірден табылған әйелдің сүйегінің ДНҚ-сы оның анасының неандерталдыққа, ал әкесінің Денисов үңгірінен табылған «Алтай» адамына жататынын көрсетті.

Сондай-ақ Рибонкулеин қышқылын секвенирлеудің (молекуланың алғашқы құрылымын анықтау) жаңа әдісі ғылыми жетістіктер қатарына жатқызылды. Процесті жасушалық деңгейде қадағалап отыруға болады. Болашақта технология жеке эмбрион жасушаларының дамуын бақылап отыруға мүмкіндік береді.

40 жыл бұрын болған бірқатар адам өлімінің ашылуы. Биылғы сәуір айында полиция 1970-1980 жылдары Калифорнияда болған зорлау және адам өлтіру фактілері бойынша күдіктілерді тұтқындағанын мәлімдеді. Полиция қылмыс болған жерде табылған ДНҚ деректерін жүктеп, қылмыскерлердің туыстарын анықтаған. Осы әдістеменің арқасында 20-дан астам іс әшкереленді.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz