Тікұшақ апатынан штат губернаторы қаза тапты
Мексиканың Пуэбла штатының губернаторы Марта Эрика Алонсо және оның күйеуі Рафаэль Морено Валье тікұшақ апатынан мерт болды.
Фото: twitter.com/Ivan_stack
10:19 25.12.2018
Мексика орталығындағы Пуэбла штатының басшысы Марта Эрика Алонсо бұл лауазымды небәрі 10 күн атқарды. Ал оның күйеуі Рафаэль Морено сенатор болатын. Штат астанасының маңында олар мінген тікұшақ апатқа ұшырап, екеуі де жантәсілім еткен.
Ұлттық қозғалыс партиясынан сайланған Алонсо бұл лауазымына сайланарда біршама дау-дамай да болған. Оқыс оқиғаға байланысты Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор үкіметке оның себептерін анықтауды тапсырды.
Дереккөз: ҚазАқпарат