Жергілікті экологиялық проблемалар | Скачать Курстық жұмыс
Жоспар
Кіріспе
… … … … … … … … .. … … … … … … … … … .
… … … … … … … … .. ..3
І тарау. Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы … … … .4
1.1.Ұлттық экологиялық проблемалар
… … … … … … … … .. … … … … … 4
Жаһандық экологиялық мәселелер
… … … … … … … … .. … … … … ..11
Жергілікті экологиялық проблемалар
… … … … … … … … .. … … … .15
ІІ тарау
2.1 Экономикалық және экологиялық дамудың қайшылықтары..21
2.2 Экономикалық өсу түсінігі. Қарсы және жақтаушы
аргументтері … … … … … .. … … … … … … … … … .
… … … … … … … … .. … .22
Қорытынды … … … … … … . … … … … … … … … … .
… … … … … … … … .. ..30
Қолданылған
әдебиет … … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … .31
Кіріспе.
Кез-келген мемлекет алдында көптеген проблемалар болады. Мәселен:
кедейшілік, коррупция, лаңкестік әрекеттер, көші-қон проблемалары т.с.с.
Солардың ішіндегі ең бастыларының бірі – қоршаған ортаны таза ұстау арқылы
халықтың денсаулығын сақтау, ертеңгі ұрпаққа табиғатты таза күйінде
жеткізу, жер асты байлығы мен мөлдір су молшылығы.
Қазіргі кездегі адамдар мен табиғат, глобальды масштабта экономика мен
экология арасындағы арақатынас жылдан-жылға шиеленісіп барады. Осылайша ХХІ
ғасырда адамзаттың алдында тұрған ғаламдық проблемалардың бірі экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы екені әр-түрлі деңгейдегі
мінбелерден жиі моындала бастады. Адамзат өзі мекен етіп отырған ортаны
бүлдіруге немесе оны өмір сүруге жарамсыз етуге бейім күшке айналған жағдай
қалыптасты.
Экология мәселесі ең өзекті тақырыптардың біріне айналды. Әсіресе
Қазақстан үшін бұл өте маңызды проблема. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде
еліміздегі нарықтық реформалар мен экономикалық тоқыраулардың қоршаған
ортаны қорғау саласындағы басқару және бақылау жүйесіндегі үйлесімсіздікке
әкеліп соққанының экономикалық мүдде мен экологиялық мүдденің бір-біріне
қарсы қойылуының куәсі болдық. Қаржы тапшылығының әсерінен мұндай
жағдайдағы шаруашылық мәселесін шешкен кезде экологиялық және қорғау
проблемаларынан гөрі экономикалық мүдде басым болып келеді.
І-тарау. Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы.
Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасз
етудің өте жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының,
Қазақстан республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы
органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық бөлшектенген жүйесін-
қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жылдары болды. Бұл қоршаған
ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы
мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз
етті.
Алайда, Қазақстанда көптеген он жылдықтар бойы қоршаған ортаға
экстремальды жоғары техногендік жүктемелермен негізінен, табиғат
пайдаланудың шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан, экологиялық жағдайдың
түбегейлі жақсаруы әзір болған жоқ және ол бұрығысынша, биосфераның
тұрақсыздануына, қоғамның тіршілік әрекетіне қажетті қоршаған ортаның
сапасын, оның қолдану қабілетін жоғалтуға алып келетін табиғи жүйелердің
тозуымен сипатталады.
Қазақстан Республикасы халқының тұрмыс деңгейі жақсарғанымен,
денсаулығы зардап шегуде. Біздің Республикамыздың көптеген аймақтарында
жағдай тек қана қолайлы емес, апатты жағдайда болып отыр. Қоршаған ортаны
ластайтын және табиғат жүйелерінің деградациясын тудыратын негізгі көздер
өндіріс, ауыл шаруашылық, көлік жәе т.б. антропогендік фактор болып
табылады. Айналаны ең көп ластайтын мұнай-газ саласы жылу энергетикалық
кешендердің кәсіпорындары болып табылады. Қоршаған ортаны барған сайын
радияциялық, химиялық және т.б. да қауіпті ықпалға ұшырап отыр. Осылайша
қазіргі заман экологиялық тауқыметтері адам қолымен жасалып, бүкіл
тіршілікке қауіп төндіріп келеді.
1.1. Ұлттық экологиялық проблемалар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241
Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің
негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш
полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады. Демек, бұлардың қолайсыз
экологиялық зардаптарының әсері өңір халқының денсаулығына айтарлықтай
зияндарын тигізіп келеді. Жеке тоқтап айтар болсақ, Арал өңірі экологиялық
аймағында ( 186,3 мың халқы бар 178 елді – мекен ) тұрады. Сондай-ақ бұл
өңір тұрғындарына ішек-қарын аурулары мен қан аздығы, әсіресе әйелдер мен
балалар өлімі мен туа біткен аурулар және балалардың жүйке аурулары жыл
өткен сайын көбею үстінде. Мысалы облыста 2001-2003 жылдар аралығында 1408
бала алғаш рет мүгедектігіне куәландырылды. Демек, балаларды мүгедектікке
шалдықтырып отырған негізгі аурулардың ішінде белді орынды жүйке ( нерв
жүйесі ) аурулары иеленеді. Өткен жылы куәландырылған 355 баланың 104-і (
29,2 ), ал қайта куәландырылған 1186 баланың 364 ( 30,6 ) осындай науқасқа
шалдыққан. 2002 жылы бұл көрсеткіш 458 баланың 108-і ( 23,5 ), қайта
куәландырылған 1293 баланың 433-ін ( 33,4 ) құраған-ды. Сондай-ақ өткен
жылы алғаш рет 84 бала ақыл-есі кем балалар санатына жатқызылса, қайта
куәландырылғандардан өткен жылы 250 бала (2002 жылы -–17 ) осы дертке
шалдыққан. Ал, былтыр 62 бала ( 2002 жылы –98 ) бала туа бітті, кемтарлыққа
ұшыраған. Облыс бойынша жалпы мүгедек балалардың 2003 жылы 1541 баланың 468-
нің ( 2002 жылы- 1751 баланың 541-і ) жүйке ауруына шалдыққаны анықталды.27
Демек, осы науқастың түрі балалар арасында жылдан- жылға етек алып келеді.
Жалпы, адам үшін бірінші байлық-денсаулық. Сондай-ақ, ертеңін ойлаған әрбір
ел алдымен халқының саулығын, ұрпағының салауатты өмір сүруін
қадағалайтынын әркез естен шығармаған да абзал. Сонымен бірге өңірде іш
сүзегімен ауратындар саны 29 есе, бауырдың қабынуымен ауратындардың саны 7
есеге өскен. Сол сияқты қоршаған ортаның ластануынан аймақта жүрек-тамыр
және онкологиялық ( обыр ) аурулары әлдеқайда жиі кездеседі. Демек, бұларды
ғаламшар тұрғындарын өлім-жітімгедушар ететін, осы заманғы бірінші орындағы
аурулар десе де болады. Жалпы, планетадағы көлдердің арасында көлемі
жағынан төртінші орынды иеленетін Арал теңізі бұл күндері жер бетінен
біржолата жоғалу үстінде. өйткені, бұрынғыдан 66 мың шаршы шақырымға жуық
қана су айдыны қалып отырған сияқты. Ғалымдар теңіз 2010 жылдары жер
бетінен толық жойылады деп отыр. Ал, Арал өңіріндегі экологиялық апат адам
өміріне жыл өткен сайын өте қауіп төндіруде. Өйткені, республика
территориясында алғаш теңіз жағалауы 100 шақырымнан артық қашықтап, кіші
арал оқшаулана бастаған шақта, сол құрғаған теңіз ұлтанынан тұзды шаң
көлемді аймаққа тарала бастаған сәтте Ю.В. Новиковтың деректеріне қарағанда
Арал табанынан кезінде жылына 72 млн. тонна тұз дүние жүзіне шаң болып
тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг. Тұз аспаннан жауатынын
дәлелдеген. Міне, осыған орай бұл күндері теңіздің 70-80 пайызы
жалаңаштанып құрғаған теңіз табанынан жан-жаққа тарап ұшатын әлгі тұз
шаңының көлемін есептеп шығу қиынға соқпайды. Демек, бұл күндері әлемнің
түкпір-түкпіріне жылынаорта есеппен теңіз табанынан 290 млн. тоннаның
үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі болды.Қазіргі деректер бойынша Арал
теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд тонаға жетті. Черноболь
апатының зәрі айнала төңіректің 30 шақырымына таралса, Аралдың ащы қаһары
3000 шақырымға жетеді. Ал Аралдың Қазақстандық бөлігі 59,6 млн га жерін
алады. Табиғи ландшафтқа экологиялық жағдайдың ықпал етуіне байланысты 3
аумаққа бөлінеді: дағдарысқа жақын (30,9 млн га), дағдарысты (13,2 млн га)
және экологиялық апат аймағы (15,5 млн га)
2003 жылдың аяғында Арал теңізінің деңгейі 1994 жылмен салыстырғанда 6,3 м
қысқартылып, 33,3 м-ге жеткен. Теңіз ауданы 55 пайызы қысқартылды.
Космостық зерттеу институтының берілгендері бойынша теңіздің қаншалықты
қысқартылып, тартылғанын 1 — суреттен көруге болады.28 Жоғарыда сөз болған
жайларды ескеретін болсақ Арал-
бүгінгі күннің ең өзекті тақырыбы.
Ұлттық экологиялық проблемалардың бірден-бірі – Каспий теңізі
қайраңының ресурстарын қарқынды игеруге байланысты проблемалар.
Каспий теңізі — әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйық су алабы.
Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі желқума желбөгет құбыылыстарының
нәтижесінде 0,5-1 ге дейінгі ауытқып отырады. 1837-1990 жылдары жүргізілген
жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізінің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай
өзгеруі 1930 және 1980-1990 ж аралығына сәйкес келетіні анықталған.
Теңіздің қазақстандық бөлігі – солтүстік-шығыс жағалауы Атырау және
Маңғыстау облыстарының аумағында. Каспий теңізі – ежелден балық ауланатын
су айдыны Бекіре тәрізділердің дүниежүзілік өнімнің 90 пайызы осында
ауланады. Соңғы кезде балықтардың уылдырық шашатын жерлеріне жетуге кедергі
келтіретін өзендерге салынған бөгеттер, судың радияциялық және химиялық
жолмен ластануы және қаскөйліктің етек алуы бекіренің қорын азайтуда.
Каспий итбалығы – тек Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі.
1920 жылы 1 млн-нан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың
аяғында 360-450 мыңға дейін азайған итбалықтың-27 мыңы , 1996 жылы-8 мыңы
ауланған. 200 жылы сәуір-тамыз айларыннда індеттен олардың 15 мыңы қырылды.
Каспий итбалығының қырылуы – Каспийдің солтүстік бөлігіндегі
гидрометеороллгиялық және экологиялық жағдайлардың нашарлауынан теңіз
жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді.29
Теңіз астын геологиялық-геофизикалық зерттеу жөніндегі Қазақстан-
каспийшельф компаниясын құру туралы қаулы 1993 жылдың 13 ақпанында дүниеге
келді. Сол жылдың 3 желтоқсанында бұл компания халыаралық консорциумболып
қайта құрылды. Ол ұйым Қазақстанды мүшелікке қабылдай отырып, оған
операторлық лицензия берді.30
Каспиий теңізі бассейінің көмірсутегі ресурстарын мемлекеттердің кең
игеруі теңіз және жағалау маңы экожүйелеріне теріс әсердің көлемін
ұлғайтты. Теңіз мәртебесінің айқындалмаған жағдайында трансшекаралық
сипаттағы сыртқы экологиялық қауіп-қатердің біраз мәні болады.
Теңіздік қазақстандық секторындағы көмірсутегі шикізатын алдағы
жеделдетіп, игеру елдің экологиялық қауіпсіздігі үшін ықтимал қатер
төндіреді.
Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық
жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануыүлкен қауіп
төндіруде. Атмосфераның ластануына мұнай-газ өндіретін және оны қайта
өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. Мысалы 1998 жылы Атырау облысы бойынша
аимосфераға 135,1 мың т зиянды заттар шығарылған. Бұл улы заттарды
негізінен ескі технологиямен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады.
Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық проблемасы- ілеспе газды іске
жарату. Қазір жылына 800 млн . газ ауада жанады.Мұнай кен орындарында мұнай
өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен қалдық сулардың топырақ пен грунтқа
төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері
қалдықтарымен ластанған аумағы 194 мың га жерді алып жатса, төгілген
мұнайдың мөлшері 1 млн т-дан асады.(2003)31
Мұнай орындарын өндіру процесі кезінде жердің, судың ауның ластануы
зор болды. Осылайша батыс Қазақстанда ластанған жер көлемі 200 мың га
жеткен. Қазіргі кезде каспий теңізі суы екі метрге көтерілген, нәтижесінде
теңіз суы Атырау мен Маңғысиау облысындағы көптеген територияларды басып
кеткен. Каспийдің солтүстік және солтүстік-шығыс жағалауындағы мұнай
орындарын су басу қаупі күшейді. Барлық су басқан қазандықтар Каспий
теңізінің ластану көзінің негізгілері болуда.
2003 жылы Республикалық инспекциялық басқарма мен Қоршаған
ортаны қорғау облыстық-территориялық басқармасы күштерімен мұнай
амбарларының инвентаризациясы жүргізіліп, Олардың қоршаған ортаға тигізетін
әсерін бағалаған
Нәтижесінде ресрубликадағы мұнай-газ өңдеуші сектордың саны53ге жетіп, оның
ішінде 384-ті авариялық және 23 полигон. Олар 1980-1990 жылдары жасалған
кезде құрылыс жағдайына экологиялық талаптар қойылмаған. Осындай
бұзушылықтың нәтижеснде экожүйелердің тұрақты қызметіне орасан зор нұқсан
келтірілген.Экологиялық талаптарды сақтамай, бұзушылықтарды, қылмыстарды
жасайтын мұнай өндіруші компаниялар жеткілікті. Солардың қатарына Великая
стена, Петро Қазақстан, Құмкөл Ресерсез, Теңізшевройл, Қарашығанақ
Петролеум Оперейтинг сияқты компанияларды жатқызуға болады.32
Каспий теңізінің қоршаған теңіз ортасын қорғау жөніндегі үлгілік
Конвенциясы және Басымдық іс қимылдардың өңірлік стратегиясы Каспий
теңізінің коммерциялық ресурстарын пайдалану және Каспийдің экожүйесін
қорғау жөніндегі негізгі бағыттарын айқындады. Каспий теңізінің
қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасында 2005 жылдың
аяғына дейін теңіз жәнежағалау маңы экожүйелеріне залал келтірместен
көмірсутегін өндірудің мүмкін болатын шекті деңгейін айқындау жөнндегі
арнаулы зерттеулерді жүргізу,геодинамикалық мониторинг жұргізу,иесіз мұнай
скважиналарын және басқа да тарихи ластауларды жою, алаудағы ілеспе газды
жағу және мұнай құбырлары мен радиоактивті ластануы бар жабдықтағы
санкцияланбаған ластануды қысқарту жөніндегі шаралар қабылдануда.
Өскемен сынды өнеркәсібі дамыған қаланың әлемдегі ең лас қалалар
қатарына ілігуі – елдің экологиялық жағдайының қай деңгейде екенін анық
байқатады.
Бұрынғы Семей сынақ алаңына жапсарлас аудандарда онкологиялық
ауруларға шалдығу мен өлім жітімнің, қан айналымы жүйесінің аурулары мен
ерте қартаюдың деңгейі жоғары екені байқалып отыр. Арал маңындағы
экологиялық апат аймағында, әсіресе әйелдер мен балалардың арасында асқазан-
ішек аурулары мен қаны аздық, сәби өлімі мен туа біткен ауытқулар жиі
кездесуде.33
Қазақстан аумағында төрт әскери сынақ полигоны мен Байқоңыр ғарыш
кешені жұмыс істейді. Қазіргі кезде Байқоңыр ғарыш айлағының пайдасынан
гөрі зияны көбірек айтылуда. Бұрын мұны Ресей мен Украина пайдаланды. Қазір
Ресейдің иелігінде. Одан Космос 3М, Зенит-3, Циклон-3 және басқа
ьарлық пилоттық ұшырулар жүргізілуде. Отын ретінде димтетилгидрозин
пайдаланылады. Ол қоршаған ортаға тарағанда өте қауіпті, тез ұшады, суда
тез ериді. Жердің терең қатпарларына тез сіңіп, өсімдіктерге қонады. Бұл-
қауіптілігі жағынан бірінші орын алатын өте қатерлі зат.
Адам онымен қатты уланған кезде тынысы тарылып, жүйке-жүйесі
өзгерістерге ұщырайды, бауыр мен бүйрек зақымданып, қан құрамы өзгереді.
Кеміс ұрпақ туып, ол әр-түрлі ауруларға шалдығады. Байқоңыр ғарыш айлағынан
ең алғашқы ракета 1965 жылы 21 ақпанда ұшырылған. Ғарыш айлағының алаңдары
солтүстіктен оңтүстікке қарай 85 шақырымға, батысынан шығысқа шығысына
қарай 125 шақырымға созылып жатыр. Өткен жылдарда ғарыш айлағынан 1200-дей
ғарыш аппараты, 1186 континентаралық балистикалық зымыран ұщырылған.
Байқоңыр ғарыш айлығынан ұшып жатқан зымырандардың атмосфералық ауа мен
бүкіл кеңістікті бүлдіріп жатқаны өз алдынды. Зымырандардың отын құрамында
кездесетін хлорлы қосылыстар да өте зиян Атмосфераның жоғары қабаттарында
жағылып одан бөлінген хлор элементтері озонның ыдырауына тікелей әсер
жасайды. Сол сияқты соңғы жылдары ұшырылған зымырандардың кейбіреуінің
жерге құлап түсіп жатқаны да баршылық. БҰҰ-ның сарапшылары Қазақстан
жерінің 66 пайызы яғни 180 миллион гектары шөлейтке айналғанын келтіріп,
экологиялық қолайсыз аймаққа теңеп отыр. Жылда Қызылорда облысының егістік
жерінің 10-15 пайызының шөлге айналуда. Соның салдарынан Арал теңізінің
оңтүстігіндегі жайылымдардың 20-25 пайызы мүлдем жойылып кетті. Елімізде
экологиялық заңдылықтарды аяқ асты етіп жүрген қаншама кәсіпорындар мен
өндіріс орындары жұмыс іс теп келеді. Қарағанды мен Теміртау металлургия
зауыттарының табиғатқа келтірген орасан зор шығындарының орнын толтыру үшін
ондаған, жүздеген жылдар керек.
Қазақстан экологтары қазір біздің жерімізде 21 миллиард тонна
өнеркәсіп қалдығы жинақталып қалғанын айтып, дабыл қағуда. Соның 30 миллион
тоннасы радиоактивті қалдықтар екен. Қазіргі таңда Республикамыздың эколог
мамандары өнеркәсіп қалдықтарының орнын анықтап, оларды жою жұмыстарына
2010 жылдан бастап кірісуде.35
1.2. Жаһандық экологиялық мәселелер.
Жаһандық экологиялық мәселелерге климаттың өзгеруі, озон қабатының
бұзылуы, Жердің шөлденуі мен тозуы Биоәртүрлікті сақтау жөніндегі мәселелер
қозғалады.
Жылыжай эффектісінің есебінен болатын климаттың өзгеруі жалпы әлемдік
көлемдегі проблема болып табылады. Және қоршаған ортаның жай күйіне маңызды
ықтимал қатер төрдіреді.
“Парниктік эффект нәтижесінде ауаға көмірқышқыл газы, және т.б.
метан, азот, азот оксиді, көмір қышқыл күкірт оксиді бөлініп, жылуға
кедергі жасайды. Қазақстан атмосферасына парниктік газдар қалдықтары
экономиканың бес секторынан: энергетикалық әрекет, өндірістік процесс, ауыл
шаруашылығы, жерді өңдеу мен орман шаруашылығы, қалдықтар.
Қазақстан антрропогенді парниктік газдарды шығару жөнінен ең
ірілердіңғ бірі болып, бұрынғы Кеңес Одағы елдері ішіне Ресей мен
Украинадан кейінгі үшінші орныды алады. Парниктік газдарды зерттеу
нәтижесінде Қазақстанда 2003 жылы көміртегінің эквиваленті 186,9 миллионды
құраған. Энергетикалық әрекеттерден 150,3 млн тонна, өндірістік процестен
14,4 млн. т, ауыл шаруашылығынан 18,2 млн.т, қалдықтардан 5 млн тонна зиян
келтірген.
”Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ үлгілік
конвенциясын бекітті, ал 199 жылы осы Конвенцияға, Киото хаттамасына қол
қойды.36
Көрсетілген хаттаманы бекіткен және оның күшіне енуі жағдайында
Қазақстан жылыжай газдарының шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық
міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, 1-қосымшаның Тарабы болады.
Қазақстанның Киото хаттамасын бекіруінің орындылығын айқындау үшін 2004
жылдың ішінде жылыжай газдарының шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық
міндеттемелердің Қазақстанның экономикасына әсері туралы зерттеулер
жүргізуде.
Экологиялық тиімділіктен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел
үшін халықаралық инвестицияларды тарт, басқа елдің экономикасына активтерді
орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру
жобаларына және таза даму тетіктеріне қатысу, өндірістің энерготиімділігін
арттыру үшін елге технологияларды тарту,сыртқы энергетикалық рынокта елдің
экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртекті несиелерді шоғырландыру,
жылыжай газдарының шығарындыларына квоталармен саудаласу жөніндегі
перспективаларды ашады.
Адам әрекетінің зиянды әсері атмосфера қабатының бірі-стратосфераға
да тиіп жатыр. Атмосфераның бұл бөлігінде жердегі барлық тіршілікті
радияциялық ультракүлгін және инфрақызыл сәулелермен қорғайтын озхон қабаты
орналасқан. Соңғы кезде осы озон қабатының бұзыла бастағаны жөнінде жиі
йтылып жүр. Оның бұзылуына тропосфера мен статосфера шекарасында
шекарасыеда ұшатын түрлі ұшақтар санының көбеюі себеркер болып отыр.
Олардан бөлінген газдар озон қабатының бұзылуына әсер етеді. Қазақстан
аумағында зозе қабатының бұзылуы ғарыш полигоны орналасқан орталық
Қазақстанда көбірек байқалады.
Жердің озон қабатының бұзылуы адамның, жануарлардың, өсімдіктер мен
микроорганизмдердің денсаулығы үшін ықтимал қаткр болып табылады. 1973
жылдан бастап байқаулар көрсеткендей, Қазақстанның үстіндегі озон қабатының
қалыңдығы 5-7 пайызға азайды. Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған озон
қабатын бұзатын заттарды пайдалануды реттеу жөніндегі шаралар әлемде оны
1986 жылдың деңгейімен салыстырғанда 10 есе қысқартуға жәрдемдеседі. Біздің
ел 1998 жылы озон қабатын қорғау туралы халықаралық келісімдерге қосылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды
қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды
ауыстыру арқылы жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Озон қабатын бұзу қатерін жоюдың негізгі жолдары мыеалар болып табылады:
пайдаланудан және оларды қауіпсіз жоюдан тез бас тартуды қамтамасыз ету,
қабылданатын күш жігерлердің табыстылығын растау үшін тропосферада озонды
бұзатын заттардың концентрациясының заңсыз айналымының алдын-алу және
тұрақты мониторингін жүргізу.37
Қазақстанның экожүйесі Орталық Азияда және тұтастай алғанда,
континентте биологиялық әртүрліліктің айрықшалығымен ерекшелінеді.
Түрлердің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілікті жоғалтуға және
экожүйелердегі тиісті өзгерістерге алып келеді. Биоәртүрлілікті нақты
жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасы жойылуы және тозуы, ең алдымен,
ормандардың жойылуы, топырақтың эррозиясы, ішкі және теңіз су қоймаларының
ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады.
Таяуда ғана өсімдіктер мен жануарлардың бөгде түрлерінің жерсінуі де
биоәртүрлілікті жоғалтудың алаңдатарлық себебі деп танылды.
1994 жылы Қазақстан Республикасының боәртүрлілігін сақтау үшін
Биоәртүрлілік жөніндегі конвенция бекітілген, Биологиялық әртүрлілікті
сақтау және теңгермелі пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-қимыл
жоспары құрылған.
Биоәртүрлілікті сақтаудың неғұрлым тімді шарасы ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарды құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9
пайызын құрайды, ол биологиялық әртүрліліктің экологиялық теңгерімен сақтау
үшін жеткіліксіз және 10 пайыз құрайтын әлемдік стандарттардан төмен.38
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту
мен орналастырудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес олардың алаңын
17,5 млн. гектарға дейін ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4
пайызын құрайды.
Қазақстандағы биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында
биоәртүрліліктің жай-күйін бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың желісін ұлғайту және оларды жасанды молықтыру көмегімен табиғи
популяциялардың сирек түрлерін сақтау әрі қазіргі заманғы табиғи және
антропогендік процестерді ескере отырып, бұзылған аумақтарды қалпына
келтіру, елдің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік
табиғи және мәдени мұра және биосфералық аумақтарды “Адам және биосфера”
бағдарламасы шеңберінде тізімге енгізу жөніндегі шараларды іске асыру
қажет.
Республика аумағының небары 4,2 пайызын алатын Қазақстанның барлық
ормандарының ерекшк экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және
мәдени мәнін, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің табиғи резерваттары
ретіндегі олардың жаһандық рөлін ескере отырып, оларды ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар жүйесіне көшіру жөніндегі шұғыл шараларды қабылдау қажет.
Бұл үшін 2006 жылға дейін Мемлекеттік биосфералық резерваттардың желісін
қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу қажет.
Қазақстанның көп бөлігі қуаң аймақта орналасқан және шамамен оның
аумағының 66 пайызы әртүрлі деңгейде шөлдену процестеріне ұшыраған. Алдын
ала есептер бойынша жайылымның тозу, егістіктің эрозиясынан, қайталама
тұзданудан және де басқа да себептен алынбаған кіріс шамамен 300 миллиард
теңгені құрайды. Қазақстан үшін нақты ішкі қатерді білдіретін жердің
шөлденуі мен тозу проблемасы шаң-тұз дауылының туындауы және үлкен
қашықтыққа әуе массаларының лстаушы заттарды көшіруі нәтижесінде біртіндеп
трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкін39
1.3. Жергілікті экологиялық проблемалар.
Әуе алабының ластануы. Атмосфералық ауа адамның өмір сүру ортасының
негізгілерінің бірі болып табылады. Және де оның сапасынан адамның
денсаулығы, физикалық даму деңгейі, реппродуктивті мүмкіншіліктері, ауруға
шалдығу мен өмір ұзақтығы тәуелді. Қазақстанның 5 миллионнан астам
тұрғындары ластанған аимосфералық ауада өмір сүрсе, 2 миллионнан астамы
ластанудың өте жоғары деңгейінде тұруда.
Атмосфераның негізгі ластануы түсті металлургия, жылу энергетика,
қара металлургия, мұнай-газ кешені мен көлік кәсіпорындарындағы
шығарындылармен байланысты. Атмосфералық ауаның ластануынан шынайы қауіп
халық денсаулығының нашарлауында және қоршаған ортаның құлдырауында
білінеді.
Атмосфералық ауаның ластану проблемасы көп жағдайда республика
халқының жарты бөлігіне жуық тұрғыны бар ірі қалалар мен өнеркәсіптік
алгомераттарға тән.
Қазақстан Республикасы үшін атмосфералық ауаның ластануы өзекті мәселелер
қатарында тұр. Зиянды заттарды ауаға шығарылу жылына стационарлы көздерден
2,5 млн тонна, ал көліктен түскен зиян 1 млн. тонна құрайды. Аса ластанған
қалалар қатарына 10 қала, оның ішінде 8 ауаның ластануы жоғары деңгейдегі
қалалар жатқызылады. Ауа ластануының зор
көлемде болып тұрған қалалар: Балқаш (718,7 мың тонна), Теміртау (338,9 мың
тонна), Екібастұз (194,6мың тонна), Ақсу (167,3 мың тонна), Павлодар (146,9
мың тонна) Өскемен (103,9 мың тонна).40
Қалалардағы ауа ластанудың жоғары деңгейде болуының себебі — өндірістің
ескірген технологиялары, тиімсіз тазартқыш құрылыстар, қолданылатын төмен
сапалы отын, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлі емес көздерінің нашар
пайдаланылуы. Сонымен қатар өндіріс орталықтарындағы халықтың басым бөлігі
зиянды шығарындылардың аса қауіпті әсер ету аймағында өмір сүріп жатыр,
себебі 20 … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz