Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі — Ашық сабақтар — Bilim

0

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:


8.2A Көбею

Мектеп: Меркі ауданы, Ә. Хасенов атындағы


№11 ЖББМ


 


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Джумагулова Бану Омаровна


Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.3 ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінің ерекшеліктерін түсіндіру


Сабақтың мақсаты

  • Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінің ерекшеліктерін түсіну.
  • Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінің ерекшеліктерін ажырату.
  • Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын анықтап, сипаттау.


Бағалау критерийі

  • Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінің ерекшеліктерін түсінеді.
  • Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінің ерекшеліктерін ажыратады.
  • Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын анықтап, сипаттайды.


Тілдік мақсаттар


 

Негізгі сөздер мен тіркестер:


Мегаспорофит-мегаспорофит-megasorophyte, мегагаметофит- мегагаметофит- megametophyte, мегаспорогенез- мегаспорогенез- megasporogenesis, микрогаметогенез- микрогаметогенез-microgametogenesis.


Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:


Тұқымды өсімдіктер ……….. топтарға бөлінеді?


Ашықтұқымды өсімдіктердің аталық, аналық гаметалары және микро-, мегаспоралары …………. түзіледі?


Жабықтұқымды өсімдіктердің аталық, аналық гаметалары және микро-, мегаспоралары …………. түзіледі?


Құндылықтарға баулу


 

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы: «Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу»


Пәнаралық байланыс

География, ағылшын тілі.


Алдыңғы білім


 

7.2.1.3 өздігінен тозаңдану мен айқас тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау.


Гүлдің құрылысын біледі, тозаңдану процесіне анықтама береді, тозаңдануды өздігінен тозаңдану және айқас тозаңдану деп бөлінетінін біледі.


 

 


 


 


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


 

Ресурстар


Сабақтың басы


5 мин

Ширату және топқа бөлу.


 «Атом, молекула» әдісі.


І топ- «Ашықтұқымдылар»


ІІ топ- «Жабықтұқымдылар»


 





10 мин


 

Оқушылардың алдыңғы білімдерін еске түсіру


 


(Т) «Үш қадамдық сұхбат» әдісі


Әр топта тілші, хатшы және қалған оқушылар интервью берушілер болады. Тілші қима қағаздар арқылы «Айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау» тақырыбы аясында сұрақ қояды:


— гүлдің құрылысы қандай?


— тозаңдану деген не, оған гүлдің қандай мүшелері қатысады?


— тозаңданудың қандай түрлері бар?


— өздігінен тозаңданудың артықшылығы неде?


— жәндіктермен тозаңданатын өсімдіктердің белгілері қандай?


— желмен тозаңданатын өсімдіктердің белгілерін атаңдар;


— неліктен табиғатта айқас тозаңдану басымдау?


Ал, интервью берушілер жауап берулері керек, хатшы жауапты жазып алады. Екі топ хатшысы жауаптарды оқып, сынып болып барлығы талқылайды.


Бағалау критерийі:


  • тозаңдану деген не, оған гүлдің қандай мүшелері қатысатынын еске түсіреді;
  • айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттайды.
    • тозаңдану процесіне анықтама береді;
  • айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын еске түсіріп, артықшылықтарын сипаттайды.

ҚБ: «Сен маған – мен саған» әдісі бойынша екі топ бір-біріне баға береді.

Қима қағаздар


Сабақтың ортасы


 


20мин


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

(Д) «Стоп кадр»әдісі бойынша жаңа тақырыпқа байланысты бейнеролик белгілі бір уақытта тоқтатылып, білім алушылар өз ойларын білдіреді.


Бағалау критерийі:


—     сыни ойлайды;


—     ойын ашық жеткізеді;


—     бейнеролик бойынша ойын қорытындылайды.


Дескриптор:


  • бейнеролик бойынша қорытынды жасайды, ойын ашық жеткізеді.

ҚБ: «Тамаша», «Керемет», «Жарайсың»  ынталандырушы сөздер арқылы бағалаймын.


 


(Ж)«Жұптас–ойлан–бөліс» әдісі.


Топтарға әртүрлі мәтін беріледі, олар жұптасып талқылау жүреді, топ болып ойланып, жұмыстарын постерге түсіріп, көпшілікпен бөліседі.


Бағалау критерийі:


—     ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің өкілдерін ажыратады;


—     тұқымды өсімдіктердің споралы өсімдіктерден айырмашылығын айтады;


—     ашықтұқымдылардың бүрлері мен жабықтұқымдылардың гүлдерінің қызметін айтады.


Дескриптор:


  • ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің өкілдерін ажыратып, тұқымды өсімдіктердің споралы өсімдіктерден айырмашылығын айтады;
  • ашықтұқымдылардың бүрлері мен жабықтұқымдылардың гүлдерінің қызметін айтады.

ҚБ: «Сэндвич» әдісі бойынша топтарды мұғалім бағалайды.


1. Сәтті жақтары


2. Сындарлы сын


3. Болашаққа ұсыныс


 

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi/lesson/zhabyqtuqymdylar


 


https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi/lesson/ashyqtuqymdylar


 


оқулық, постер, маркер


 


 


 


 


 


 


 


 


Сабақтыңсоңы


5 мин

«Бес саусақ» әдісі бойынша рефлексия.


Оқушы өзінің бүгінгі сабақтағы іс-әрекетін және сабақты қаншалықты түсінгенін бағалайды.


 


 


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

 


«Атом, молекула» әдісі арқылы ширату және топтастыру жұмысын жүргізу.


«Үш қадамдық сұхбат» әдісін таңдағандағы мақсатым идеялар мен ойларды  дамыту, алдыңғы білімді топпен тиянақтау.


Диалог және қолдау көрсету үшін жұптық және жеке жұмыс орындату үшін «Жұптас–ойлан–бөліс» әдісін қолданамын. «Стоп кадр» әдісін қолданғанда  шапшаңдық танытып, тапсырмаларды орындайды.


 


 


 



 

Қалыптастырушы бағалау бойынша


ынталандырушы сөздер және «Сен маған – мен саған», «Сэндвич» әдістерін қолданамын.


 


 


Рефлексия


«Бес саусақ».

Сабақ кезінде оқушылар қауіпсіздік ережесін, мектеп мүлкін бүлдірмей ережені сақтау қажет:


  • топтық, жұптық, дара жұмыста;
  • топпен постерқұруда маркерменжұмыс жасағанда;
  • АКТ-мен жұмыс жасағанда.



Дереккөз: http://bilim-all.kz/