Қазақша реферат: Туризм индустриясының қазіргі заманғы жағдайы
Көптеген елдерде туризм жалпы ішкі өнімді қалыптастыруда, қосымша жұмыс орындарын ашуда және тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін шешуде, сыртқы сауда балансын белсендендіруде маңызды рөл ойнайды. Туризм көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарлар өндірісі сияқты экономиканың шешуші салаларына қатты әсер етеді, әлеуметтік-экономикалық дамудьщ өзіндік катализаторы ретінде қызмет етеді. Өз кезегінде, туризмнің дамуына келесі факторлар әсер етеді: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық.
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңы туризмді «ҚР азаматтарының, шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ тұлғалардың түрғылықты жерлерінен сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және т.б. мақсаттардағы, уақытша келу елінде төленетін қызмет атқаруды қарастырмайтын уақытша саяхаттары» деп көрсетеді.
Турист пен экскурсант арасындағы айырмашылық келесіде: турист — уақытша келуші, сол елде 24 сағаттан артық саяхаттайды, ал экскурсант — уақытша (бір күндік) келуші, келу елінде 24 сағаттан аз уақыт болады. Экскурсанттар орналастыруды сатып алмайды, сондықтан экономикалық мазмұны бойынша туристер болып табылмайды.
Саяхат пен туризм индустриясы элемнің көптеген елдерінде жұмыс орындарының әжептеуір санын қамсыздандырады. Бұл 130 млн адамның (немесе элемдік өндірісте жұмыспен қамсыз-дандырылған 15 адамның біреуінің) жұмыс орнымен жабдықталғандығын білдіреді. Саяхаттар мен туризм халықаралық инвестициялардың 11%-ын қамтамасыз етеді және мемлекет қазыналарына салықтық түсімдер ретінде жылына 302 млрд АҚШ долларын әкеледі. Туризм элемнің дамыған жэне дамушы елдері экономикала-рының қалыптастырушы негізі болып табылады. Егер туризмнің дамуы жеткілікті кәсіби деңгейде жоспарланбаса, онда мемлекетке туризм түсіретін пайдадан гөрі, оған қаржы көбірек жүмсалуы мүмкін. Туристік бизнесте жетістікке жету үшін, туристік қызметтерді тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыруға негізделген өндірісті кэсіби түрғыда ұйымдастыру және өткізу, халықаралық құқықтық нормаларды және ережелерді жақсы білу, туристік менеджмент пен маркетингті, туристік нарық конъюнктурасын жақсы білу қажет.
Әлемдегі туризмнің дамуына ғылыми-техникалық өрлеу, тұрғындардың өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, бос уақыттары мен демалыс ұзақтығының үлғаюы, экономикалық және саяси түрақтылық және т.б. факторлар қатары эсер етеді.
Туризм индустриясының даму үрдісі мен жалпы экономика-лық, техникалық жэне элеуметтік жетістіктер арасында тікелей байланыс бар. Әлемнің дамыған индустриялық елдерінде өсіп келе жатқан өмір сүру деңгейі жүмысшылар демалысы ұзақтығының өсуіне және жоғары деңгейдегі зейнетақымен қамсыздандыруға септігін тигізуде, бұлардың барлығы сайып келгенде туризмнің дамуына елеулі әсерін тигізеді.
Саяхаттарға жэне туризмге сүраныс бір уақытта нарықтық механизмдермен (туристік, экскурсиялық және басқа да қызмет-терге сүраныспен, осы қызметтерді үсынумен және оларды бөлістірумен) және экзогенді айнымалылармен, яғни туризммен және саяхаттармен тікелей байланысты емес, бірақ туристік қызметке сұраныс деңгейі мен нысанына елеулі әсер ететін фак-торлармен анықталады. Экзогенді факторларға демографиялық жэне әлеуметтік өзгерістер, экономикалық жэне құқықтық жетістіктер, сауданың, көлік инфрақұрылымының, ақпараттық технологиялардың дамуы және саяхаттар қауіпсіздігінің жоғарылауы жатады. Демографиялық жэне элеуметтік өзгерістерге халықтың қартаюы, зейнеткерлік демалысқа жеткілікті деңгейдегі зейнатықымен қамсыздандырумен ертерек шығу, бірдей жастағы ересек адамдар санының ұлғаюы, жұмыс істейтін әйелдер санының, екі мүшесі жүмыс істейтін жанүялар санының өсуі, кеш үйлену үрдіссы, баласыз жанұялар санының өсуі, ақысы өтелетін дема-лыстар санының көбеюі, саяхаттау мүмкіндіктерін жақсы түсіну жэне қоршаған ортаны қорғау жатады. Осылайша, қоғамның де-мографиялық қүрылымында жэне әлеуметтік үлгілерінде бо-лып жатқан өзгерістер адамдардың саяхаттауға уақыттарының, қүлшыныстарының жэне қаржылық мүмкіндіктерінің болуына септігін тигізеді.
Халықтың өмір сүру деңгейі мен табыстарының әртараптануын бағалаумен халықаралық үйымдар, оның ішінде экономикалық серіктестік пен дамуды үйымдастыру бойынша кеңес (ЭСД¥) айналысады. 1980 жылы ЭСДҰ әлеуметтік индикаторлар тізімін бекітті, оның құрамына «уақыт жэне демалыс» сияқты индика-торлар да кіреді, ал оның көрсеткіштері болып бос уақыт көлемі мен оны пайдалану табылады. Жанүялар шығындары қүрамының рационалдылығы бойынша критерий ретінде неміс статистигі Э. Энгель ашқан Заң қолданылады, оған сэйкес жанұя табыстары-ның өсуімен бірге тамақтануға кететін шығындар қысқарады, ал мәдени жэне материалдық емес қажеттіліктерін қанағаттандыруға жүмсайтын қаржылары едэуір үлғаяды.
Туристік қызмет тэжірибесінде туристерді өткізуші елдерді (жөнелтуші елдерді) және туристерді қабылдаушы елдерді ажыратады. Алғашқыларына АҚШ, Германия, Англия, Бельгия, Дания жатса, соңғыларына Франция, АҚШ, Испания, Италия, Венгрия жатады. ЮНВТО статистикасы көрсеткендей, соңғы уақыттарда халықаралық саяхаттар мен олардан түсетін табыс көлемі элемнің барлық аймақтарында өскен.
ЮНВТО сарапшылары туризмнің даму үрдісы мен елдегі жалпы экономикалық жагдай арасында нақты байланыс бар екендігін айтуда. Саяхаттар динамикасы экономиканың өрлеу немесе қүлдырау сатысында түрғандығына сезімтал келеді. Әдетте салыстырмалы бағалар сияқты басқа факторлар өзгермейтін болса, жалпы нақты түтыну көлемінің өсу қарқыны 1%-дай болса, жолдамалар көлемі өзгермейді, ал 2,5%-дай болса, жолдамалар көлемі 4%-ға, ал түтыну көлемі 5%-ға өсетін болса, саяхаттау шығындары 10%-ға өседі. Егер тұтыну көлемінің өсу қарқыны 1%-дан кем болса, онда жолдамалар көлемі азаяды. Көрсетілген арақатынастар туристер баратын түрлі елдер үшін келтірілген орташа мөлшерлерден ерекшеленуі мүмкін.
Туризм индустриясына қатысты «көрінетін және көрінбейтін сауда», «көрінетін және көрінбейтін экспорт және импорт» деген түсініктер бар.
Көрінетін сауда тауарлар мен шикізаттар сияқты материалдық өнімдерді экспорттаумен жэне импорттаумен айналысады. Бұл жерде елдің сауда теңгерімі деп көрінетін экспорт пен көрінетін импорт арасындағы айырмашылық аталады.
Көрінбейтін сауда қызметтер саласын импорттау мен экспорттауға қатысты. Туристік қызметтердің көрінбейтін экспортынан түскен табыстың көп бөлігі келіп жатқан шетелдік ту-ристерден, сонымен қатар, оларға отандық көлікке және басқа да қызметтерге билет сатудан түседі. Елдің көрінбейтін импортын азаматтары шет елге сапарлармен барғанда оның көлік және басқа да қызмет түрлеріне төлеген шығындары, сонымен бірге туризм индустриясының шетелдік инвесторларына төленген дивидендтер қүрайды.
Өнімнің, тауарлар мен қызметтердің экспорты (шетелдік ту-ристердің сапарға келген елінде өнімді, тауарлар мен қызметтерді түтынуын қоса алганда) елдің табысын қамтамасыз етеді. Елдің шығыны басқа ел өнімінің, тауарлары мен қызметтерінің (ел азаматтарының шет елде сапармен болған кезіндегі өнімді, тауар-лар мен қызметтерді түтынуын қоса алғанда) импортын төлеуде
жатыр.
Елдің экспорттан (көрінетін және көрінбейтін) түскен толық табысы мен импорттың (көрінетін және көрінбейтін) толық қүны арасындағы айырма төлем балансы деп аталады. Төлем балансы теріс (дефицит) немесе оң болуы мүмкін. Аса үлкен мөлшердегі тапшылық жағдайында елдің ақшалай ресурстарының кетуі орын алады. Сондықтан тек кішігірім мемлекеттер ғана емес, сонымен қатар АҚШ, Англия жэне Германия сияқты өнеркәсібі дамыған мемлекеттер де туризмнен түсетін табысты үлғайтуға тырысады жэне елге шетелдік туристерді тартуға күш салады.