Жұлдыз Әбдікәрімова үйіндегі бар ақшаны қайын атасы ұстайтынын ашық айтты — новости Казахстана

0

Жұлдыз Әбдікәрімова өзін ұзақ жыл бойы үйде отырып, бірден жұлдыз болып шыға келді дейтіндерге жауап берді. Қайрат Нұртастың әйелі жұлдызды отбасында қаражатты кім басқаратынын да жасырмай айтты деп хабарлайды Хит ТВ арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Мен үйде отырғанымда да құр бос қарайып отырмадым. Бала тәрбиесінде болдым. Оған қоса, оқуымды аяқтап, оны ары қарай жалғастырдым. Жалпы үнемі өз-өзімді дамытумен айналыстым.

Тележүргізуші болуды бала кезден армандадым. Актрисалықты оқып шықтым. Сол себепті, еш хабарсыз даладан келіп қосылған адам емеспін» , — деді Жұлдыз Әбдікәрмова.

Сондай-ақ, Қайрат Нұртастың әйелі бірнеше бизнесті ұстап отырған отбасындағы қаражатты кім басқаратынын да ашып айтты.

«Жанұямызда «менікі, сенікі» деген жоқ. Бар ақшаны атамыз ұстайды. Сол кісі өзі бөліп, өзі жоспарлап беріп отырады. Ал менің жұмыс істеп жатқандағы табысым болса, ақша жинап жатқаным жоқ.

Себебі, қанша табыс болса да әйел адамға жетпейді. Киім, қонаққа бару, үйге қажет заттар шығып қалады дегендей. Айлығымды үлкен, сеніп отырған табыс көзі деп айта алмаймын. Ол бар болғаны қосымша табысым», — дейді Жұлдыз.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар