Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

0
Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді


Бірінші ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Али Балоев нигериялық Афинни Абиодунды уақытынан бұрын жеңді.

Жекпе-жек Мәскеуде өтті. Кездесу сегіз раундқа созылады деп жоспарланған, алайда Балоев кездесудің соңына жақындағанда қарсыласын нокаутқа түсірді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы Балоев үшін бұл сегіз кездесудегі сегізінші жеңісі (оның жетеуін нокаутпен аяқтаған). Ал Абиодун Африка құрлығынан бірінші рет сырт елде өнер көрсетіп, спорттағы екінші жеңілісі. Ол осыған дейін алты кездесуде жеңіске жетіп, бесеуін мерзімінен бұрын аяқтаған. Сондай-ақ, бір кездесуде тең түскен. 

Бұл кештегі басқа жекпе-жектерде Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО) төрешілер шешімімен Мэнни Пакьяоның спарринг-серіктесі — Арней Тинампайды жеңіп, алғашқы орта салмақта WBC Asia белбеуін иеленді. Жартылай жеңіл салмақта қазақстандық Константин Брусенский кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін нокаутпен жеңді, ал Айдос Ербосынұлы (10-0, 8 КО) бельгиялық Илияс Ачергиді (12-4-1, 6 КО) жеңіп, екінші орта салмақта WBO Global белбеуін иеленді.